Шашты қыстан кейін қалпына келтірудің 5 жолы

Шашты қыстан кейін қалпына келтірудің 5 жолы

Қаһарлы қыстан кейін шашыңыз әлсіреп, табиғи жылтырын жоғалтты ма? Әрине қыс бойы бас киімнің астында басылып, тіпті, бас киімсіз аязда қалған шашыңыз әбден шаршаған болар. Қыс мезгілінде ағзамыз да, соның ішінде шашымыз да дәрумендерге тапшы болады. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілетін шағында бас киіміңізді шешкендегі айнадағы түріңіз адам шошырлықтай ма? Уайымдамаңыз! Мына кеңестерге көз жүгіртіп, қыстан кейін шашты қалай қалпына келтіруге болатындығымен таныс болыңыз.

 1 

Көктем - авитаминоз кезеңі, бұл кезде оған шалдықпайтын жандар аз.  Дәрумендер жиынын ішіңіз. Шаш пен тырнақтың жақсы өсуіне көмек беретін арнайы дәрумендер топтамалары бар. Олардың құрамына А, В1, В12 және Е дәрумендері кіреді. Олар шаштың берік болып жақсы өсуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ рационыңызға өрік, мейіз, қара өрік, цитрус жемістерін, алма, сарымсақ пен жаңғақтарды  қосыңыз. 

 2 

 

Шаштаразға бармағаныңызға көп болды ма? Қыстан кейін бір барып, шашыңызды алдырыңыз. Құрғақ,  жансыз шаштарыңызды алып тастауын сұраңыз. Осыдан кейін шаш көлемі ұлғайып, шашыңыз күтімді әрі сәнді болып көрінеді. 

 

Бас массажын жасауды әдетке айналдырыңыз. Бас массажының нәтижесінде бастағы қан айналымы жақсарып, шаштың өсуі дұрысталады. Массажды қолмен де, щетка-тарақпен де жасаса да болады. Ағаш тарағын таңдағаныңыз жөн. Шаштарыңызды әр түрлі бағытта тарап, басыңызды байыппен уқалаңыз

 

Шашқа арналған сусабыныңызды ауыстырыңыз. Анда-санда сусабынды ауыстырып тұру шаштың жақсы өсуіне көмек береді екен. pH деңгейі бейтарап, жеңіл  консистенциялы, шашты жұмсартатын сусабын таңдағаныңыз жөн. Оның құрамына қоректендіргіш заттар, дәрумендер, керамид пен лецитин кіретініне көз жеткізіңіз. Көп ұзамай шашыңыз жаңарып, сауығып қалады.

 

 

Арнайы маскаларды қолданыңыз.  Қыстан кейін шашыңыздың зақымданғаны сөзсіз. Дүкендерден өзіңіздің шашыңыздың түріне жағатын маскалар мен бальзамдарды таңдап алыңыз. 

Сурет: izkis.su


С. А