Гельді маникюр қауіпті ме?

Гельді маникюр қауіпті ме?

Гельді маникюр соңғы кезде үлкен танымалдыққа ие болды. Алайда оны кептіру әдісі, яғни арнайы шамның астын кептіру барысы тырнақ пен қол терісінің саулығына қауіпті болуы мүмкін екен. Бұндай шешімге осы мәселені зерттеген америкалық ғалымдар келді. 

Гельді маникюр пайда болған кезден бастап, арулар маникюр қиындықтарын ұмытты. Жарты айға дейін сақталатын, сынбайтын, қабыршықтанып түспейтін маникюр заманауи сәннен қалмайтын арулардың сүйікті дауасы болды. Алайда ғалымдар гельді лакты кептіруге арналған ультракүлгінді шамның зияны жайлы ойланып, түрлі тәжірибелер жасады. 

Ультракүлгін шамы гельді лактың бір-екі минутта-ақ кебуін қамтамасыз етеді. Уақытты үнемдеу ыңғайлы, аурусыз дауаны одан әрі танымал қылды. Бірақ, дәл осы шам денсаулыққа қауіпті екен. Нью-Йорк медицина университетінің ғалымы Крис Адиган ультракүлгін шамының теріге әсерін зерттеді. Нәтижесінде, шам шығаратын ультракүлгін тері рагы ауруына әкелуі мүмкін екен деген көзқарас туындады.

Ғалымның айтуынша, гель маникюрына деген әуестік қиын аурулардың бірінің себепкері болуы мүмкін екен, алайда оның мүмкіндігі өте аз. Сонда да ол маникюрдің мұндай түрін жиі жасамай, абай болуға кеңес берді.

Дәл осындай тәжірибе америкалық тері рак ауруының ұйымында жасалған екен. Ұйымның президенті, медицина ғылымының докторы Элизабет Хейл Криса Адиганның айтқанына қосылып, гельді лакты кептіру қауіпті деген шешімге келді. 

Ультракүлгін сәулелері адам үшін қауіпті болса да, тері рак ауруының даму мүмкіндігі аз, алайда жоқ емес. Сондықтан гельді маникюрді бірінен кеін бірін ауыстырып жасамай, тек арнайы жиын-отырыстарға ғана жасаңыз.

Жалпы, теріміз неғұрлым көп ультракүлгін әсерінде болса, соғырлым көбірек зақым алады. Күннің астында көп жүру, күннен қорғаныс кремін қолданбау, ал енді гельді маникюр де терінің ерте қартайып, түрлі аурулардың бастамасы болуы мүмкін. 

Мамандардың айтуынша, мәселенің бірден-бір шешімі - күннен қорғаныс крем. Көктем шыққалы күннің жаман сәулелерінен қорғану үшін арнайы SPF көрсеткіші бар крем жағамыз. Сол сияқты гельді лакты ультракүлгін шамның астында кептірмес бұрын, қолыңызға қалың қабат SPF көрсеткіші 15 -тен төмен емес крем жағыңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: foxnews.com

С. А