Көктемгі авитаминозды жеңу жолдары

Көктемгі авитаминозды жеңу жолдары

Ұзақ қыста күшіміз сарқылып, шуақты көктемді шаршап қарсы аламыз. Сіз де ылғи ұйықтағыңыз келіп, әлсіздік сезсеңіз, көктемгі авитаминозға тап болғаныңызды біліңіз. Оны жеңу жолдарымен танысайық.

Беттің шырайы кетіп, тырнақтар сынғыш бола бастайды, көңіл-күй түсіп, стреске шалдықсаңыз, мына кеңестерді міндетті түрде орындап, авитаминозға төтеп беріңіз.

  1. Рационыңызға көкөніс пен жемістерді қосыңыз. Көктемнің алғашқы айында ағзамыз көкөніс пен жемістегі дәрумендерге зәру болады. Әсіресе, С дәрумені көп цитрустар, орамжапырақ сынды тағамдарды көптеп жеңіз.
  2. Балық жеңіз. Осы кезеңде сізге ең пайдалы болатын қызыл балықты жеуге тырысыңыз. Оның құрамындағы омега-3 қышқылы бетіңізді жайнатып, тырнақтың сынғыштығын жазады. 
  3. Дәрумен топтамасын қабылдаңыз. Көктемдегі тағам түрлері, көкөніс пен жемістер ағзаны қажетті дәрумендер мен минералдармен қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан қосымша көмек ретінде дәрумендер жиынтығын ішіп шыққан дұрыс.
  4. Зімбірлі шай ішіңіз. Авитаминозды өткеруге көмектесетін пайдалы қосылыстарға бай зімбірлі шай ішіп көріңіз. Оған бал, лимон қоссаңыз, сергітетін пайдалы шырын болады.
  5. Дәрумендерді уыстап қабылдасаңыз да, ағзаның саулығы үшін, оған толыққаны демалыс қажет. Ұйқыңызды қандырып, артық шаршамауға тырысыңыз. Таза ауада серуендеуді ұмытпаңыз.
  6. Ашуланбаңыз. Түрлі стрестерден аулақ болып, онсыз да әлсіреген ағзаға зақым тидірмеңіз.  Эмоцияларыңызды қадағалап, жүйкенің тыныштығын сақтаңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: baomoi.com

С. А