Жүгіру жолында арықтау

Жүгіру жолында арықтау

Жүгіру - арықтау мен жақсы қалыпты ұстанудың бірден-бір амалы. Алайда қазіргі кезде далада жүгіру қиын: суық әрі тайғанақ. Далада жүгірудің баламасы жүгіру жолында жаттығатын болсаңыз, біздің кеңестерді пайдаланып, жаттығуларыңызды одан да пайдалы қылыңыз.

Бірнеше оңай ережелер сізді жаттығу жолындағы жарақаттанулардан сақтап, барынша көп калорийден арылуға көмектеседі. 

  1. Бірінші жаттығуларды жай жүруден бастаңыз. Жүру барысында дем алу жиілігінің бұзылмауын қадағалаңыз. Жылдамдықты бірте жоғарылатып отырыңыз.
  2. Жүгіру жолында жаттыққан кезде алға қарай 2 метр қашықтыққа қарап жүгіріңіз. Қолыңызды босаңсытып, дене бойымен жіберіңіз.
  3. Жүргенде аяқты өкшеден ұшына қарай басыңыз. Бар салмақты аяқтың бір жағына түсірмеуге тырысыңыз.
  4. Ішті тартып жүгіріңіз.
  5. Иық пен басты тік ұстаңыз. Жүргенде қадамды нақты басып, бөксеңізді жаттықтырыңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: derzhimformu.ru

С. А