"Күйзеліс, қатерлі ісік": тер иісі өзгеріп кетуінің 9 себебі

"Күйзеліс, қатерлі ісік": тер иісі өзгеріп кетуінің 9 себебі
Фото: ru.freepik.com

Терлеу – тер бездері тері бетіне сұйық сөл бөлетін табиғи процесс. Ол ағзаның жылуды реттеуінде маңызды рөл атқарады. Алайда неліктен тер өз иісін өзгерте бастайды және ол қандай проблемаларды білдіруі мүмкін? Бұл жайлы Doctorpiter.ru сарапшылары айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Терапевт-гастроэнтеролог Яна Ткачева тердің көп бөлігі судан тұратынын айтты.

"Тердің негізгі құрауышы – су, ол барлық көлемнің 99%-ын құрайды. Онда минералдық алмасудың өнімдері ерітілген: фосфаттар, кальций тұздары, күкіртқышқылды қосылыстар, хлорлы калий. Сондай-ақ онда ақуызды алмасу өнімдері бар: аммиак, сүтті қышқыл, несепнәр, несеп қышқылы.

Қалыпты жағдайда тер сұйықтығы pH 3,5–6,7 қышқылға ие. Егер адам гигиена және су режимін сақтаса, зиянды әдеттері болмаса, соңғы кездері өмірін түбегейлі өзгерткен болмаса, бірақ денесінен жағымсыз өткір иіс пайда болғанын байқаса, оған аса мән беру керек және бұл кезде қандай да бір аурудың бастапқы белгілерін өткізіп алмау маңызды", - дейді дәрігер.

Эндокринолог және ревматолог Анастасия Калмурзина тер иісі өзгеруінің бірнеше себебін атап өтті:

Ыстық, эмоция және жүктеме

Тердің түзілуі жиі ағзаның салқындау қажеттілігіне негізделеді: жоғары температуралар кезінде және құрғақ ауада біз жылдам терлейміз. Тершеңдік біздің эмоционалды жағдайымызбен байланысты болуы мүмкін. Көпшілік күйзеліс кезінде терлейді.

Сондай-ақ физикалық жүктемелер және ащы тамақ жеу де тершеңдікті ынталандырады. Бұлар табиғи нәрселер, сондықтан олар сізді уайымдатпау керек. Бірақ егер адам себепсіз және қарапайым ауа температурасында терлесе, ойлану керек. Бұл гипергидроздың немесе жоғары тершеңдіктің белгісі болуы мүмкін.

Инфекциялық аурулар

Тершең қолтық – инфекциялық аулардың кең тараған белгісі. Ағза артық сұйықтықты шығару арқылы уыттардан арылуға және бір жағынан дене температурасын төмендетуге тырысады. Мысалы: тұмау және ЖРВИ. Алайда қатты терлеу одан да қауіпті инфекцияларды білдірі мүмкін. Туберкулез, бронхит, пневмония кезінде түнгі уақытта қатты тершеңдік жіне денеден қышқыл иіс шығу байқалады.

Эндокринді жүйе жұмысының бұзылуы

Гипергидроз – эндокринді жүйе ауруларының кең тараған белгісі. Тершеңдік әсіресе, гипертиреоз – қалқанша бездің гормондарды артық бөлуі кезінде байқалады. Сондай-ақ тершеңдік, климакс және гормонды фоннның өзгеруінен болуы мүмкін.

Зат алмасу проблемалары

Қолықтың терлеуі зат алмасудың бұзылғанын және қосалқы аурулардың пайда болғанын білдіруі мүмкін. Мысалы, артық салмақ және семіздік кезінде адам әдеттегіден қатты терлейтін болады.

Жүрек-қан тамырлар аурулары

Тер бездері жұмысының күшеюі жүрек-қан тамырлар жүйесі проблемалары жайлы айтуы мүмкін. Қанайналым нашар болса, жүрекке "шаршағанша" жүмыс істеуге мәжбүр болады. Сол үшін дене температурасы артып кетеді. Бұл жағдайда ағза тер арқылы жылуды реттеуді қалыпқа келтіргісі келеді.

Созылмалы күйзеліс

Терлеу – күйзеліс жағдайларына деген қалыпты реакция. Алайда үнемі терлеу күйзелістің созылмалыға айналып кетуін білдіреді.

Қатерлі ісік

Тердің көп бөлінуі ағзадағы жаңа түзілімдердің барын көрсетуі мүмкін: қатерсіз де, қатерлі де ісік болуы мүмкін.

Асқорыту проблемалары

Асқорыту жүйесі проблемалары бар болса, мысалы егер науқас асқазан немесе тоқ ішек жарасымен қиналатын болса, ода депрессия, бауыр циррозы, гепатит болса, денеде кетпейтін жағымсыз иіс болуы мүмкін.

Тері проблемалары

Тері зақымдалса да, тер патологиялық иіске ие болуы мүмкін. Егер теріңіз қызарса, тітіркенсе және теріде жара, ірің болса, жағымсыз иіс пайда болуы мүмкін.

А. Жапатова