Егер тісті бір ай бойы тазаламаса не болады?

Егер тісті бір ай бойы тазаламаса не болады?
Фото: elements.envato.com

Тіс дәрігерлері тісті күніне екі рет тазалауды ұсынады. Бірақ көптеген адам тісті ұйқыдан тұрған соң ғана тазалап, кешкісін ұмытып кетеді. Ал кейбірі тіпті тіс күтіміне назар аудармайды. Егер төрт апта бойы ауыз қуысының гигиенасын сақтамасаңыз не болады, бірге білейік.

Тіс щеткасы мен паста қалай пайда болды?
Тіс щеткаларының алғашқы прототиптері біздің заманымызға дейінгі 3500-3000 жылдары пайда болды. Олар өте қарабайыр болды және тіс күтіміне арналған заманауи құрылғылар сияқты түрлі тіс қалдықтарымен күресуі екіталай болды. Көбінесе олар қарапайым ағаш бұтақтары болды. Мұндай щеткаларды Вавилон мен Ежелгі Египеттің тұрғындары қолданған.

Бірақ Қытай тұрғындары хош иісті ағаштардың бұтақтарын шайнаған. XV ғасырда олар алғашқы тіс щеткасын ойлап тапқанға дейін, қазіргі заманғы щеткаға азды-көпті ұқсас бамбук бұтақтарына не сүйектеріне қабанның қалың қылы орнатылған щетка пайдаланған.

Бұл ауыз қуысының күтімі құрылғысы Еуропаға жеткенде, қабанның қатты қылы құстардың жұмсақ қауырсындары мен жылқы қылына ауыстырылды. 1780 жылы Англияда тесіктер бұрғыланған сиыр сүйегінен жасалған тіс щеткасы енгізілді. Олар арқылы щетканың сабына желіммен бекітілген қабан қылдары өткізілді. Өнертабыстың авторы Уильям Эддис болды.

Бірте-бірте табиғи материалдардан жасалған қылшықтар АҚШ-та нейлон ойлап тапқан кезде жасанды талшықтармен ауыстырылды. Алғашқы электрлік тіс щеткасы 1939 жылы жарық көрді, бірақ олар тек 1960 жылдары жаппай өндіріле бастады.

Тіс пасталарына келетін болсақ, олар бізге таныс кремді түрде тек 1850 жылдары пайда болды, бұған дейін тістер тіс ұнтақтарымен тазартылды. Тіс тазалауға арналған ұнтақтардың құрамына кіретін ингредиенттер ежелгі өркениеттерде әр түрлі болды. 

ХІХ ғасырдың басында ғана тіс ұнтағы ауыз қуысын күтуге арналған заманауи өнімдерге ұқсай бастады, бірақ оның құрамында ұзақ уақыт бойы сабын болды, ол тек 1945 жылы натрий лаурил сульфатымен ауыстырылды.

Дұрыс тіс гигиенасы не береді?

Ауыз қуысының дұрыс гигиенасының арқасында:
- тіс жегісі сирек кездеседі немесе мүлдем болмайды;
- ауыздан жағымсыз иіс шықпайды;
- тіс эмальы күшейтіледі;
- қызыл иектің қабынуы сирек кездеседі;
- ауыз қуысында өмір сүретін бактериялардың әсерінен лор ауруы қаупі азаяды;
- тістер сарғаймайды;
- ауыз қуысында оңтайлы қышқыл балансы сақталады;
- тістердегі тастар жойылады.

Егер бір ай бойы тіс жуылмаса судан, өзге де тамақтан түсетін тіс тастары көбейіп, тісте дақтар пайда болады. 

Т. Есқали