Тілмен жаттығу. Мамандар қорылдан арылудың тиімді жолын айтты

Тілмен жаттығу. Мамандар қорылдан арылудың тиімді жолын айтты
Фото: envato.com

Сан-Пауло университетінің ұйқы зертханасы қорылдан арылу үшін тілмен жаттығуды ұсынады. Олар толық қорылды жоймаса да, оның қарқындылығын азайтатынын алға тартады. 

Қорылдау несімен қауіпті?
Егер сіз қорылдасаңыз, сізбен бірге бір төсекте (бөлмеде, пәтерде және т.б.) ұйықтайтын адам ғана зардап шекпейді: қорылдау алдымен қорылдайтын адамның денсаулық жағдайынан хабар береді.

Біріншіден, қатты қорыл ұйқыға кедергі келтіреді, ал түнгі демалыстың бұзылуы және ұйқының дұрыс  болмауы қант диабеті мен жүрек ауруынан бастап қатерлі ісіктің кейбір түрлеріне дейін көптеген ауыр аурулардың қаупін арттырады. 

Екіншіден, тіпті жай қорылдаудың өзі денсаулыққа қатысты мәселелерді білдіруі мүмкін: тамақ, тыныс алу жолдары мен құлақ аурулары мен аллергия және ұйқы кезінде бірнеше секундтан бір минутқа дейін тыныс алуы тоқтап қалатын апноэға дертінің бастапқы белгісі.

Егер қатты қорыл жөнінде әңгіме қозғалса, дәрігерге барған жөн.

Сан-Паула университетіндегі ұйқы зертханасының директоры Джералдо Лоренци-Фило қорылды азайту үшін тіл мен  таңдайға арналған жаттығулар жиынтығын ұсынды. Қорыл жұтынуға жауапты тамақ бұлшықеттерінің босаңсуына байланысты пайда болады: олар  босаңсып кеткен кезде, тыныс алу жолдары тарылып, біз қорылдаймыз. Доктор Лоренци-Филоның жаттығулары бұл бұлшықеттерді нығайтуға, олардың тонусын арттыруға көмектеседі. Зерттеу барысында үш ай бойы үнемі жаттығулар жасаған науқастар бұрынғыға қарағанда 36% - ға аз қорылдады, ал қорылдың қарқындылығы мен көлемі 56% - ға дейін төмендеген.

Дәрігер күніне жиырма рет (яғни, шамамен сағатына екі рет) үш жиынтық жаттығуды жасауды ұсынады:

- Тілдің ұшын жоғарғы таңдайға мүмкіндігінше қатты басыңыз, басуды босатпай, оны мүмкіндігінше артқа жылжытыңыз;

-Тілдің ұшын сыртқа шығарыңыз және тілді мүмкіндігінше ішке қарай тартуға тырысыңыз, бірақ тілдің ұшын ерінде ұстаңыз.  

-Тілді төменгі таңдайға мүмкіндігінше қатты басыңыз, тілдің ұшы төменгі тістердің түбіне мүмкіндігінше мықтап тірелгеніне көз жеткізіңіз;

- "Аааааа" деп ұзақ дыбыстаңыз. Сол уақытта ауыздың мүмкіндігінше қатты ашылуына мән беріңіз. Бұл таңдай мен тіл асты бұлшық еттерге арналған жаттығу.

Т. Есқали