"90-60-90": Орамжапырақтан төс өсетіні рас па? Дәрігер жауабы

"90-60-90": Орамжапырақтан төс өсетіні рас па? Дәрігер жауабы
Фото: ru.freepik.com

Қыздардың көпшілігі әжелерінен орамжапырақ жесең, омырауың өседі дегенді естіген болар. Бұл көкөніс пайдалы ма? Орамжапырақ сүт безі өлшеміне әсер ете ала ма? Бұл сұраққа Parents.ru сайтына онколог, маммолог және хирург Юрий Николаевич Савенко жауап берді.

"Орамжапырақ сүт безі өлшеміне әсер етеді деген ешқандай сенімді ғылыми дәлелдер жоқ. Орамжапырақтың көмегімен омырауды үлкейтудің бір ғана әдісі бар шығар - оның жартысын іш киімнің ішіне салып алу", - деп қалжыңдады дәрігер.

Алайда орамжапырақ  - өте пайдалы өнім, оны міндетті түрде рационға қосқан жөн. Орамжапырақ табиғи антиоксидант - С дәруменіне бай. Сондай-ақ оның құрамында А, В1, В2, В6, C, E дәрумендері және никотин қышқылы бар. Бұл көкөніс - кальций, калий, фосфор, магний және темірдің көзі. Оған қоса, орамжапырақта қалыпты асқорытуға қажетті жасұнық бар. Оның калориясы да аз: 100 г өнімде 25 калория.

Қорытындылай келе, бұл көкөніс омырауды үлкейте алмайды, бірақ қалыпты салмақты ұстап тұру үшін және ағза саулығына пайдалы.

А. Жапатова