Кока-Кола ішкен жігіттің тістері түсіп қалды

Кока-Кола ішкен жігіттің тістері түсіп қалды

Австралияда Уиллиам Кенневел есімді 25 жастағы азамат Кока-Кола сусынын көп тұтынғандықтан, бүкіл тісі саудырап түсіп қалған.

Ол бала күнінен осы сусынды ішуге әуес болғандықтан, әр күні 8 литрге жуық кола ішеді екен. Ал бұл сусынды іше алмаған күндері көңілі жайсызданып, байыз таппайтынын айтады. Дегенмен, бұл қалыпсыз әдет оны үлкен өкінішке алып келді. Енді ғана 25 ке толып, тас шайнайтын кезінде бүкіл тісінен айрылып қалды. Енді жас жігіт жалған тіспен күн өткізуге мәжбүр.

Дәрігер оған осыдан біраз жыл бұрын-ақ осы сусынды ішпеуге насихаттаған. Бірақ, ауруға айналған әдет қалмаған. Бұл сусын оның бүкіл тіс тамырына әсер етіп, шірітіп жіберген. Ең соңғы 13 тісі қалған кезде дәрігерлер бұл шіруге айналған тістер басқа ауру тудырмас үшін амалсыздан жұлып тастаған. Бұдан бөлек, ол осы сусыннан асқазан ауруларына да душар болған екен.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: elitedaily.com

Қ. Қауымбек