Таңғы ас ішпеу, тәттіге құмарлық. Дәрігер ағзадағы өзгерісті білдіретін 10 белгіні атады

Таңғы ас ішпеу, тәттіге құмарлық. Дәрігер ағзадағы өзгерісті білдіретін 10 белгіні атады
Фото: kakprosto.ru

Қауіпті аурулар бірден белгі бермейді. Керісінше, ауру неғұрлым жасырын болса, соғұрлым ол ерте кезеңдерде зиянсыз болып көрінуі мүмкін. Соның айқын мысалы - қатерлі ісік. Адам бірнеше ай немесе тіпті жылдар бойы оның денесінде қатерлі ісік пайда болғанын білмеуі мүмкін. Эндокринолог Екатерина Ян алаңдатарлық 10 симптомды атады.

1. Таңертең көз астының ісуі. Егер олар сізді күн сайын мазаласа, ағза дұрыс жұмыс істемейді деген сөз. Кейбіреулер бұл мәселені жою үшін сұйықтықты азырақ ішу керек деп санайды, бірақ бұл мүлдем олай емес.

2. Ұйқыдан кейін ауыздан шығатын жағымсыз иіс. Әрине, таңертең тісті тазалаймыз - бұл қалыпты жағдай. Бірақ егер иіс мазалап және тіліңізде қалың ақ қабат пайда болса, онда дәрігерге барудың уақыты келді.

3. Таңғы ас ішуге құлықсыздық. Мұндай симптом дұрыс емес диетаны білдіреді – болашақта бұл сіз үшін көптеген жағымсыз проблемаларды тудыруы мүмкін.

4. Әлсіздік. Егер түнде ұйықтамай күндіз 2-3 кесе кофеден кейін бәрі қалпына келсе бұл табиғи жағдай. Егер түнде 7-8 сағат ұйықтап таңертең сондада шаршап тұрсаңыз. Онда ағза ұйықтаған кезінде қалпына келе алмайтында дәрежеде әлсіреген.

5. Қырыққабаттан, шикі көкөністерден, жаңғақтардан кейін іштің кебуі. Сіздің ас қорыту жолдарыңыз ұзақ уақыт бойы тәртіпсіздікке ұшырағанының сенімді белгісі, сондықтан бұл пайдалы өнімдер тек ыңғайсыздықты тудырады.

6. Тамақтанғаннан кейін іште ауырлық сезімі. Егер көп тамақ жегеннен кейін іштің ісуі табиғи жағдай, бірақ бұл күнделікті қайталанса ағза қалыпты жұмыс істемейді дегенді білдіреді.

7. Тәттіге құмарлық. Тәтті кез келген жағдайда денсаулыққа қатысты проблемалар тудырады.

8. ЕАБ және ауырсыну кезеңдері. Көптеген әйел бұл күндері ауырсыну мен ауыр қан кетуден зардап шегеді деп санайды. Шындығында, бұл мүлдем олай емес. Мұндай жағдайда гинекологқа бару керек.

9. Кешке аяқтың ісінуі. Біз көз жұмып үйренген тағы бір симптом. Аяғыңыз ауырып, балтырыңызға ауыр тастар байланғандай сезім бола ма? Ондай болса дәрігер көмегіне жүгініңіз.

10. Жыныстық қатынасты қаламау және түнгі уақытта кіші дәретке жиі бару. Біздің либидо – денсаулықтың тамаша көрсеткіші. Дені сау адам дәретханаға түнде жиі бармайды, сау дене таңертеңге дейін шыдайды.

"Көптеген адам бұл белгілерді қалыпты деп санайды. Шындығында, көбінесе мәселені ерте кезеңдерде тез және салдарсыз түзетуге болады. Сондықтан дененің сізге беретін белгісін елеу маңызды", - деп қорытындылады эндокринолог.

Айта кетейік, бұған дейін дәрігер әйелдерде жатыр мойны обырын көрсететін елеусіз белгіні атаған болатын.

Т. Раушанұлы