Қалқанша безі қызметі бұзылғанын білдіретін 5 белгі  

Қалқанша безі қызметі бұзылғанын білдіретін 5 белгі   
Фото: loritom.ua

Көп адам ұйықтай алмауды күйзеліс пен шамадан тыс шаршаудан көреді. Дегенмен, кейбір белгілер ұйқысыздықтың қалқанша бездегі аурумен байланысын білдіреді, - деп ескертеді дәрігерлер.

Қалқанша безі – сыртқы түрі көбелекке ұқсайтын кішкентай, симметриялы ағза. Қалыпты жағдайда қалқанша безінің массасы 20-дан 65 граммға дейін, ал көлемі жас мөлшері мен жынысқа байланысты. Қалқанша безі жүктілік кезінде де өлшемін өзгерте алады, бірақ босанғаннан кейін 6-12 айдан кейін ешқандай емдеусіз бәрі қалпына келеді.

Кішкентай мөлшеріне қарамастан, без барлық дене жасушаларының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажетті гормондарды шығарады. Бұл процесс бұзылған кезде адам ағзадағы түрлі ауруға тап болуы мүмкін, олардың кейбіреулері адам түсіне де әсер етеді, деп жазады британдық Express басылымы.

Қалқанша безіні қызметінің бұзылғанын білдіретін белгілер:

• бұлшықеттер мен буындардың түнде ауруы;

• түнде қатты терлеу;

• апноэ (ұйықтап жатып тыныс алудың тоқтауы);

• мазасыз аяқ синдромы;

• түнде дәретханаға жиі бару.

"Егер адам гипертиреозбен ауыратын болса (яғни дене қалқанша безінің гормонын тым көп өндірсе), онда ұйқысыздық, терінің қышуы және күндіз-түні терлейді. Кей жағдайда бұлшықет ауруы мен шаршаудан азаптанады", - дейді Sleep Foundation мамандары.

Қалқанша безінің проблемаларының көпшілігі йод тапшылығынан туындайды. Ал мұндай тапшылықтың алдын алудың негізгі құралдарының бірі – йодталған тұзды қолдану, дейді дәрігер.

"Бір грамм йодталған тұзда 40 микрограмм йод бар. Біздің йодқа қажеттілігіміз, жүкті әйелдерді есептемегенде, орташа есеппен тәулігіне 150 микрограммды құрайды. Бұл әбден жеткілікті. Ал біз орта есеппен 4-5 грамм тұзды жеген кезде йодтың қажетті мөлшерін толығымен қамтамасыз етеміз және өзімізді қалқанша безінің көптеген проблемаларынан қорғаймыз", - дейді Юрий Халимов.

Айта кетейік, бұған дейін дәрігер қандай тұз түрі пайдалы екенін айтқан болатын.

Т. Раушанұлы