Анар артық майдан құтқарады

Анар артық майдан құтқарады

Анар жемісі араны ашылған асқазанның "аузын жабады". Демек, анар жесеңіз, қарныңыз тез аша қоймайды.

Бұл дәлелсіз дүние емес. Зерттеумен Эдинбургтегі арнайы мамандар айналысты. Ол үшін эксперттерге 30 адам өз еркімен барып көмек көрсеткен. Үш аптадай бір топ басқа өнімдермен, ал екінші топ тек анар сығындысымен даярланған дәріні ішкен көрінеді. Анар сығындысынан әзірленген дәріні тұтынған ерікті адамдар бұрынғыдан аз мөлшерде тамақ қажеттілігін сезінген. Ал бірінші топта ешқандай өзгеріс болмаған. 

Басқа жемістерге қарағанда, анардың адам денсаулығына қажеттілігі жоғары. Күнделікті дастарханнан анар үзілмеуін қадағалаңыз. Тоңазытқышта анар шырынын сақтап, күн сайын ішіп тұрғаннан зиян шекпейсіз.

Артық майдан арылуда пайдасы мол анар көбіне шырынды түрде сізге көп көмек бере алады. Қан аздық ауруына шалдыққан жандарға да ем екенін біле жүріңіздер. Анарды қайнатып ішкен дұрыс. Тек өз шырынымен ғана емес, оған басқа да жеміс шырындарын араластырып, не сәбіз шырынымен қоса ішсеңіз болады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: max-body.ru, domovouyasha.ru

А. Әбілхан