Ху Сонвень қолдан жасалған бүйрекпен өмір сүруде

Ху Сонвень қолдан жасалған бүйрекпен өмір сүруде

Қытайлық шаруа өз қолымен жасаған жасанды бүйректің көмегімен 13 жыл бойы өмір сүріп келеді.

Оны тіпті жасанды бүйрек деуге де келмейді. Ол бар болғаны есептен шығарылған бөліктерден құрастырылған гемодиализ аппараты. Қытайдың шығыс бөлігінде тұратын Ху Сонвень есімді шаруа кісі 13 жыл бұрын ас үй заттары мен ескі медициналық құрал-саймандардан жасаған жасанды бүйрегі үшін енді аптасына үш рет дәретханада отыруға мәжбүр.

1993 жылы Ху Сонвень институтта білім алып жүрген кезде, оның бүйрек жетімсіздігі байқалған. Қанды тұрақты тазартып тұру үшін аурухана жағдайында гемодиализге жүгінуге тура келген. 6 жыл бойы жасанды бүйрекпен отырып, материалдық жағынан қатты қысылған қытай азаматы бұдан былай дәрігерлерге ақша төлемеуді ұйғарған.

Дәретханада өткізетін әрбір емдеу шарасына қытайлық азаматтың 60 юані кетеді екен. Бұл ауруханадағы емдеу шарасына қарағанда 8 есе арзан.

Қытайлық азаматтың бүйрек ауруы - оның қанында калий мен натрийдің адам өміріне қауіпті мөлшерде жиналып қалатындығын білдіреді. Сондықтан Ху Сонвень диализге арналған сұйықтықты дені сау адамның қанындағы натрий мен калийдің мөлшеріне шамалас етіп жасаған.

Жергілікті дәрігерлер шаруаның стерилденбеген суды қолдануынан індетке ұшырау мүмкіндігінің барын да ескерткен көрінеді.

Баспасөз қызметтері Ху Сонвеньді танымал еткенде, жергілікті билік өкілдері шаруаның тағдыры жайлы біліп, оған үй жағдайында қан тазартуға жұмсайтын ақшаға ауруханада гемодиализден өтуді ұсынған. Алайда, Ху Сонвеньге бұл өте ыңғайсыз екен, себебі, жасанды бүйрегі бар ең жақын емхана өте алыс орналасқан. Және әрқашан үлкен кезек пен кептеліс болатындығы да оған қолайсыз болған.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: ibigdan.livejournal.com

Ж. FM