Техника тәніңізді тоздырмасын

Техника тәніңізді тоздырмасын

Қалтафон мен компьютер күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналып үлгерді. Әрине, олардың пайдасы шаш етектен, жақсы жағын жұрттың бәрі біледі, ал олардың қандай кемшіліктері мен зияны бар? Осы жағын де естен шығармағанымыз жөн. Десе де, күнделікті қажетті өтеу үшін техниканың бұл түрлері денсаулыққа зиян екен деп біржола қол үзіп те кете алмайсыз. АҚШ ғалымдары уақытының көп мөлшерін компьютер алдында өткізетін адамдардың басқа жандарға қарағанда өспе ауруларына шалдығу қаупінің басымдау болатынын ескертіп отыр. Сонымен қатар қаладағы қаптаған компьютерлік клубтардың адам денсаулығына қаупінің аса жоғары дәрежеде болатындығы анықталған. Қол телефонға зерттеу жүргізу нәтижесінде, әр аптада күніне 10 минут қалтафонда сөйлесу адам ағзасын өзгерістерге ұшыратады екен, яғни, тек 10 минуттық тілдесуден кейін ағзаңыздың қалыпты жағдайға, өз деңгейіне келуі үшін 8 сағат керек. Тәжірибе кезінде, 8 жыл бойы күнделікті қолфон пайдаланған адамды медициналық тексеруден кейін, оның ағзасының патологиялық жағынан көп мөлшерде өзгерістерге ұшырағаны белгілі болған.

Сондықтан, телефоныңызды сөйлесіп болғаннан кейін денеңізден алыста ұстаңыз және түнде жатарда жастықтан жырақ қойып, өшіріп ұйықтаңыз. 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: theecologist.org 

M. Auelkhan