Ессіз диеталар

Ессіз диеталар

Артық салмақ тастау үшін адамдар түрлі айлаға барады. Диета, жаттығулардың көптігі сонша, арасынан дұрысын таңдау қиын. Бір айтарымыз: мына диеталарды мүлдем қолданбаңыз.

Бретариандық (breath — дем алу)

Бұл диета жақтаушылары адам ағзасына тамақ та, су да емес, тек ауа ғана қажет деп сенеді. Алайда су - тіршілік бастауы, ал тамақ ағзамыздың жұмысына керек отын екенін ұмытпайық.

Вильгельм Шапқыншының Диетасы 

Бұрыңғы жазбаларға сенсек, ХI ғасырдағы Еуропадағы ең мықты саяси адамдарының бірі, Англия корольінің артық салмағы болған. Содан арыламын деп ойлаған король тек алкогольді сусындарды ішуді әдетке айналдырған. Әрине ішімдік корольге сияқты, сізге де пайдалы болмас.

Сірке су диетасы

Бұл диетаны ежелгі Мысыр елінің тұрғындары ұстанған. Күнделікті сірке суын ішуді әдетке айналдырған олар, диарея мен құсуға ғана қол жеткізді.

Темекі диетасы

20-ғасыр басындағы жарнамалар: "Арықтау үшін, тәттіні тастап, темекі ал!" ұрандарына толы болған. Әрине қазіргі заманда бұл барып тұрған ессіздік болып көрінеді. Темекінің зияны жайлы айтпаса да түсінікті.

"Көк" диета

Бұл диета жақтаушылары арықтау үшін тамақ ішкенде, арнайы көк көзілдірік кию керек деп санайды. Олардың айтуынша көк түс тәбетті басып, нәтижесінде сіз кемірек жейсіз. Шын мәнінде бұл диетаның еш зияны жоқ, алайда пайдасы да көп емес. Бұл тек маркетингтік шара, ал көк көзілдірік арқылы тамағыңыз жай ғана көк болып көрінеді.

Жарнамаларға, өтірік сыбыстар мен өсектерге сене бермей, арықтау деген мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарайық.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: makeupandbeautycare.com

С. А