2-ақ минутта ұйықтауға көмектесетін қарапайым техника
Фото: shnyagi.net

2-ақ минутта ұйықтауға көмектесетін қарапайым техника

Ұйқы қанбау, дұрыс ұйықтамау – қазіргі адамдардың басты проблемасына айналғандай. Көбі ұйықтай алмаймын, сосын смартфон шұқылап, теледидар көріп кетемін деп жатады. Бірақ бәрі адамның күнделікті әдетіне байланысты.

Уақытында ұйықтауды әрі дұрыс ұйықтауды әдетке айналдырсаңыз, бәрі автоматты түрде болады. Ондайда ұйықтай алмаймын дей алмайсыз енді.

Ендеше тез ұйықтау үшін қандай қарапайым амалды, техниканы әдетке айналдыруымыз керек? Мамандардың айтуынша, ең эффективті метод – ол АҚШ армиясы қолданып жүрген ұйқы техникасы.

Соғыс пен ұрыстың ортасында жүрген сарбаздың бойынан үрей мен күйзелісті ысырып, ұйқыға бас қоюға үйрететін бұл әдіс талай жылдық зерттеу мен тәжірибенің арқасында келген техника.

Бұл әдісті игерген адам 2-ақ минутта ұйықтап кетеді екен.

Бірінші қадам. Бүкіл бұлшықет пен тілді, жақты, көздің маңайындағы бұлшықетті босатыңыз. Бос тастаңыз.

Екінші қадам. Иықты босатыңыз. Бірінші оң жақ иық пен білекті бір сілкіп босатыңыз да, кейін сол жақ иық пен білекті сілкіп бос тастаңыз.

Соңғы қадам. Кеудемен терең тыныс алып, жамбастан бастап тобыққа дейін қол жүгіртіп, еңкейіңіз.

Техника білдіңіз. Енді бір шарт бар. Бұл техниканы істеуді 6 апта бойы әдетке айналдыру керек. Сонда нағыз кәсіби боласыз. Әдетке айналған іс кейін оңай істеледі. Демек оңай ұйықтайтын боласыз.

Тағы бір ескерер жайт – ұйықтардың алдында оған дайындалу қажет. Яғни, ұйқының алдында кофе ішіп, мол тағам жеп, асқазан мен ағзаға салмақ салып қажет емес. Сосын ішімдік ішуді де доғарыңыз.

Қ. Слямбек