Күзде асқынатын 7 ауру

Күзде асқынатын 7 ауру
Фото: ru.freepik.com

Кей аурулар күзде асқынып кетеді. Оның себебін жиі жаздан кейінгі ағзаның қайта құрылуына қатысты стрессорлық реакциялармен немесе дәрумендер жетіспеушілігінен пайда болатын метаболизмдік өзгерістермен байланыстырады. Сау ағза бұл факторларға оңай қарсы тұра алады, ал созылмалы аурулармен қиналатындар бұл уақытта денсаулығына аса мән беру керек. Күзде қандай аурулар жиі асқынып кететінін ұсынамыз.

Асқазан-ішек жолы аурулары

Күз-қыс мерзімінде жиі асқазанның және аш ішектің ойық жаралы аурулары асқынып кетеді. Күздің басында панкреатит (ұйқы безінің қабынуы), он екі елі ішектің қабынуы және гастритпен қиналатындардың хал-жағдайы нашарлай түседі. Әсіресе, бұл емделмейтін және тамақтануын қадағаламайтын адамдарға қатысты. Егер күзде асқазаныңыз немесе ішіңіз ауыратынын байқасаңыз, маманға қаралыңыз.

ЖРВИ

Жедел респираторлық-вирустық инфекциялары — жоғары тыныс алу жолдарының зақымдалуымен және жалпы уланумен байланысты аурулар тобының жалпы атауы. Халық арасында ЖРВИ деп жиі тұмауды айтады. Тұмаудың кең тараған белгілеріне жоғары температура, жөтел, мұрынның бітелуі және тамақ ауыруы жатады. Жағымсыз жағдай сондай-ақ тәбеттің болмауымен және дірілдеумен қатар жүреді. Жылдам жазылу үшін дәрігер ұсыныстарын дұрыс орындау және төсек режимін сақтау маңызды.

Зеңге аллергия

Күзде жертөлелер, жуынатын бөлмелер және басқа да ылғалдылығы жоғары бөлмелерде зең пайда болады. Бұл саңырауқұлақ ылғал ортада жақсы өседі және ағза үшін қауіпті бола алады. Күзде зең ашық аспан астында да көбейе алады. Ол жерге түскен жапырақта және шіріп бастаған өсімдіктерде пайда болады, ал споралары ауада ұшып жүреді. Зеңге аллергияның пайда болуының алдын алу үшін бөлмені жиі желдетіңіз және зеңнің иісі шығатын барлық заттан арылыңыз. Сондай-ақ аптасына бір рет үйді ылғал тазалауды ұмытпаңыз.

Суыққа аллергия

Суыққа аллергия — күзде және қыста пайда болатын тағы бір проблема. Ол тері қызаруының, қышуының және күлбіреуінің себебі бола алады. Мұндай жағдайда аллергологтың кеңесін алу қажет. Ол антигистаминдік препараттар жазып береді және аллергия қайтадан пайда болмас үшін не істеу керегін айтады.

Цистит (қуықтың қабынып ауыруы)

Салқын тисе, цистит пайда болуы мүмкін. Мүмкін проблемаларды болдырмас үшін үнемі ауа райына сай киінуге тырысыңыз және суық күндері ішіңіз бен беліңізді жауып жүруді ұмытпаңыз. Сондай-ақ дәретханаға ұзақ бармай жүре беруге болмайды және жеткілікті мөлшерде су ішіңіз.

Депрессия

Қолайсыз ауа райы, күн сәулесінің жетіспеушілігі, суық: осы ауа райы факторлары сезімтал адамдарда депрессияның пайда болуына немесе оның асқынып кетуіне ықпал етеді. Маусымдық депрессияны серотонин (көңіл күйіңізге жауап беретін зат) алмасуының бұзылуымен байланыстырады.

Маусымдық депрессияның даму қаупін арттыратын факторлар қатарына мыналар жатады:

- ауыр аурулар;
- эмоционалды қозғыштық;
- созылмалы шаршаңқылық;
- тұқым қуалайтын бейімділік.

Маусымдық депрессияның алдын алу үшін серотонин жетіспеушілігін толықтырыңыз. Ағзадағы дәрумендер тепе-теңдігін сақтаңыз, жемістер мен көкөністерді көбірек жеңіз, күн тәртібін сақтаңыз. Спортпен айналысу және күндіз серуендеу көңіл күйді арттыратыны және депрессия белгілерін жеңілдететіні ғылыми дәлелденген.

Сүйек-буын қабынуы (остеоартрит)

Күздің келуімен көпшіліктің буындары ауыра бастады. Ғалымдардың ойынша, бұл атмосфералық қысымның төмендеуімен, ылғалдылық деңгейінің артуымен және ауа температурасының түсуімен байланысты. Бірақ остеоартриттің алдын алуға болады. Ол үшін буындарға пайдалы жаттығулар жасау керек, жылы киім киіп жүру қажет және шеміршектер саулығына қажетті дәрілерді алдын ала ішіп бастау ұсынылады.

А. Жапатова