Миды дамытудың жолдары

Миды дамытудың жолдары

Күнделікті сабақ, жұмыс, үй шаруалары... Күйбең істер арасында автоматты түрде өмір сүріп, еш дамымай қалуымыз мүмкін. Уақытыңызды көп бөлмей-ақ миыңызды жаттықтырып жүріңіз.

Компьютерлік тышқанды сол қолмен ұстаңыз

Сол қолды белсенді жұмысқа қосқан сәтте, оң мен сол ми жарты шарлары арасындағы нейтронды байланыстар жанданады. Екі қолын бірдей қолдана алатын адамдардың ми жарты шарларының арасында жүйке талшықтары 100%-ға көбірек екенін ғалымдар дәлелдеген.

Сол қолыңызды барлық шаруаларда қолдануға тырысыңыз. Кей жағдайларда бұл қиын болуы мүмкін. Тышқан қолдануға қоса сол қолмен тіс жуып, жазып көріңіз. 

Еске алыңыз

Кейде теледидардан көрген жұлдыздың есімі, ойнап тұрған әннің атауы тіліміздің ұшында тұрса да, еске ала алмай қаламыз. Бұндай сәттері "Мейлі" демей, атауды еске алуға тырысыңыз. Қасыңыздағы досыңыздан сұрап, жауабын ғаламтордан іздеңіз. Жауабын тапқанда оны ендігәрі ойдан шығармауға тырысыңыз. Миды осылайша жаттықтырып, мықты қыласыз.

Мәселе тек атаулар мен есімдерде емес, біреудің телефон нөмірлерін, көлік нөмірін, күндер мен сағатты бір қарағаннан есте сақтауға тырысыңыз. 

Логиканы дамытатын ойындар ойнаңыз

Логикалық ойындар қиын математикалық есептер мен басты қатыратын тапсырмалар емес. Судоку, сканвордтар мен кроссвордтар, шахмат ойындары миыңызды әлдеқайда дамытады. 

Бұл мәселеде тұрақтылық маңызды. Сондықтан ойындарды күнделікті әуестікке айналдырыңыз. Мысалға жұмысқа кіріспес бұрын компьютермен шахмат партиясын ойнауға болады. 15 минут уақыт алатын ойын миыңызды жұмысқа қосып, күніңіздің жемісті болуын қамтамасыз етеді.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vc.com

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады
UFC 251. Жалғас Жұмағұлов жеңіске жете алмады
5G жайлы 5 миф
5G жайлы 5 миф
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қайдан көруге болады?
Бауырдың қабынуы
Бауырдың қабынуы
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Айдын Рахымбаев коронавирус жұқтырғандарды тегін емдейтін орталықтар ашпақ
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда
Қоғам белсенділері тыныс алу аппаратын өңір-өңірге таратуда