Қытайда «Қазақ халық медицинасын» оқытуда

Қытайда «Қазақ халық медицинасын» оқытуда

Үрімші қаласындағы Синьцзян медициналық университеті студенттерін енді «Қазақ халық медицинасына» үйрететін болды.

2011 жылы университетке тап осы тапсырма бойынша 30 студент қабылданған. Олар бір жыл қытай тілін меңгеріп, енді қазақ емшілігіне байланысты оқуды бастаған. Жаңа мамандықтың ашылуы тек ауыздан-ауызға тарап жүрген қазақ халық медицинасын ғылыми түрде дәлелдеу екен.

Синьцзян медицина университетінің деканы Ань Дунциннің айтуынша, қазақ халық медицинасының тарихы екі мыңжылдықтан асып жығылады. Ал дәл осы ЖОО-ның ұстазы Чжан Синпин "қазақтар сүйек, тері ауыруларына негізі шөптен, жануарлардың терісінен және табиғи заттарды пайдаланып емдеген. Сондықтан да медицина бұл бағытты да зерттеу керек",-дейді.

Университетте осы бағытта білім алып жатқан студенттер бүгінде қытай тіліне аударылған «Қазақ халық медицинасы туралы трактат» (Qipa Ge'er Bayan) атты кітаппен үйреніп жатқан көрінеді. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: school.cucas.edu.cn

Ю. НИКУЛЛИН