Қайнатылған жүгерінің пайдасы

Қайнатылған жүгерінің пайдасы
Фото: kakprosto.ru

Жүгеріні тұтынудың атам заманнан келе жатқан ең пайдалы әдісі – бұл суға қайнатып жеу.

Жүгерінің құрамында адам асқазаны қорыта алмайтын целлюлоза көп болады да, оны қайнатқан кезде біршама жұмсарып, асқазан қорыта алатындай күйге түседі. Әрине, қайнатқан кезде жүгерінің пайдалы заттары мен дәрумендері біршама жойылып кетуі мүмкін. Есесіне, асқазанға ауырлық түсірмейді.

Жақсы қайнатылған, пісірілген жүгері дәмді әрі жұмсақ болады. Пайдасы – зат алмасымын жақсартып, қан тамырын бекітіп, бұлшықет талшықтарын қалпына келтіреді. Жүгері – тоқ тағам, қарынды тез тойдырады.

Жүгері әсіресе кішкентай балаларға пайдалы. А және Е дәрумендері мол болғандықтан, баланың көзі мен терісін жақсартуға көмектеседі. Бірақ балаға жүгерінің 3 жастан бастап қана беру керек.

Бірақ жүгеріні асқазаны ауыратын адамдарға жеуге болмайды. 

Қ. Слямбек