Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Термо іш киім (термобелье) деген не?

Термо іш киім (термобелье) деген не?

Термо іш киім (термобелье) деген не?

Көктем келе жатқанымен, қардың еритін түрі жоқ. Демек, шаңғымен тауға шығып серуендеуге әлі де кеш емес. Таудан аппақ қарға із қалдырып, төмен қарай құлдилағанға не жетсін?! Аппақ қар да жақсы, тау да керемет, бірақ қабат-қабат киім мәселесіне келгенде... Ойланатын түк те жоқ! Сізге киіп жүруге өте жеңіл әрі бағасы да арзан термо іш-киім көмекке келеді. 

Термо іш киім деген не? 

Термо іш киім (термобелье) - синтетикалық матадан тігілген (кейде табиғи мата да қосылып тігіледі )дене жылылығын сақтап тұратын іш киім. Киюге ыңғайлы термо іш киім адамның үсуіне не терлеуіне жол бермейді, адам денесіндегі жылылықты сол қалпында сақтап тұрады. 

Термо іш киім:

  1. Суықтан сақтайды.
  2. Өзі дем алып, денені де демалдырады.  
  3. Кигенде ыңғайлы әрі жұмсақ.
  4. Табиғи талшықтардың негізінде жасалады.
  5. Денені ауырлатпайды, денеге киюге өте жеңіл.
  6. Термо іш киімді +40 градустан аспайтын жылы суда жуу керек.


Термо іш киімнің пайдасы:

• Адам ағзасы жылылықты сақтау үшін энергия бөледі. Термо іш киім сол энергияны сақтап тұрады.
• Басқа іш киімдерге қарағанда тез кебеді.
• Қыста суықтан, жазда ыстықтан қорғайды.
• Су болған киімнен пайда болатын аурулардан сақтайды. 


Термо іш киімнің үш түрі бар

• күнделікті киіп жүруге арналған термо іш киім (Comfott,Warm), 
• спортпен шұғылданғанда киетін термо іш киім (Sport, Dry), 
• серуенге шыққанда, балық аулауға барғанда т.б. киетін термо іш киім (Outdoor).

Спорттың экстремальды түрлеріне арналған іш киімді тек синтетикалық матадан тігеді. Су спорттарына (каякинг, рафтинг) арналған іш киімді де синтетикалық матадан дайындайды. Ал тау шаңғысы, сноубордтарға арналған іш киімге мақта мен жүнді қосып тігеді. 3-8 сағат бойы бұлар адамның біркелкі температурасын сақтап тұрады. Күнделікті киюге арналған термо іш киімді ыңғайлы әрі жеңіл болуы үшін мақтадан не жүннен тігеді. 

Термо іш киімнің ерлерге, әйелдерге, балаларға арналған түрлері бар.  

Сыртынан қарасаң, термо іш киім кәдімгі іш киімнен ерекшеленбейді. Ерлер үшін іш киім, ұзын жеңді футболка түрінде, ал әйелдер үшін футблокадан бөлек, қысқа жеңді майка, шолақ шалбар(шорты) және лосина түрінде тігіледі. 

  

 
Термо іш киімді қалай таңдау керек?

Термо іш киім таңдауда алдымен неден жасалғанына көңіл бөліңіз! Егер сізге күнделікті киіп жүретін іш киім керек болса, онда жүннен, мақтадан немесе таза синтетикадан тігілгенін ала беруіңізге болады. Тек жұқасы жылы мерзімге, ал қалыңы қысқы мерзімге арналып тігілетінін есте ұстаңыз. Және сатып аларда міндетті түрде оны киіп көріңіз. Айна алдында былай-былай жүріп, оны әбден сынаңыз. Сапалы термо іш киімнің тігісі сыртында болады.


Термо іш киімді қалай жуу керек?

Оны +40 градустан аспайтын жылы суда кір жуу ұнтағымен де, сабынмен де жууға болады. Жуып болған соң, мұқият шайыңыз. Сосын сықпастан жайып қойыңыз. Кептіргенде кептіргіш құралдарды пайдалануға болмайды. 

Термо іш киімдердің бағасы көбіне 3000 теңгеден басталады. Термо іш киім кез келген спорттық дүкендерде сатылады. Дегенмен, бірден сапалысын сатып алуыңызға кеңес береміз. Әлбетте, сапалы дүние өзін-өзі қашан да ақтайды...

Сурет: vse.kz, extremalist.ru, hotsale.ua

Форумда талқылау

3997 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 21 ақпан 2012, 16:00
Пікірлер
+0
22 ақпан 2012, 10:35

әсіресе қыз балаларға пайдалы нәрсе секілді

+0
23 ақпан 2012, 11:01

Қыз балалар не! Мұздап немесе ыстықтап жүр ме?

+0
22 ақпан 2012, 11:32

Алматы дүкендерінде спорттық сатыла ма екен?

+0
22 ақпан 2012, 19:03

Іздеп көру керек.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...