Буынға зиян 6 тамақтану әдеті

Буынға зиян 6 тамақтану әдеті
Фото: freepik.com

Біздің өмір сүру салтымыз бен тамақтану әдеттеріміз барлық ағза жұмысына, соның ішінде буындар жағдайына да әсер етеді. Олардың иілгіштігі мен қозғалғыштығының төмендеуі сұйықтықты жеткілікті мөлшерде ішпеумен және физикалық белсенділіктің төмен болуымен байланысты болуы мүмкін. Алайда буындарды қалыпта ұстау үшін жиі жүру ғана емес, рационды түзету де керек. Қандай тамақтану әдеттері буындарды бұзады және оларды немен ауыстыруға болады?

Жаңа сығылған шырынды таңдайсыз
Жаңа піскен жемістер мен көкөністер — ағзаны табиғи тазартқыштар. Сондай-ақ, олар — денсаулыққа қажетті дәрумендер мен микроэлементтерді басты тасушылар. Олар артық көмірсуларды сіңіруді бұғаттайды және асқазан-ішек жолы жұмысын жақсартады.

Ағза барлық дәрумендердің жеткілікті мөлшерін алу үшін жемістер мен көкөністерді тұтас күйінде жеу маңызды. Ал жаңа сығылған шырындар ағзадағы қант мөлшерінің өзгеруін болдырып, буындар жағдайының нашарлауының себебі бола алады. Жаңа сығылған шырындарды аш қарынға ішу ұсынылмайды, әйтпесе олар асқазан-ішек жолы шырыштысын тітіркендіреді.

Тәтті газдалған сусынды көп ішесіз
Егер газдалған сусынды жиі ішетін болсаңыз, сізге іштің кебуі, асқорыту жолы жұмысының проблемалары және көңіл күйдің кенеттен өзгеруі — таныс сезімдер.  

Тәтті газдалған суды көп ішу артық салмақтың қосылуына әсер етіп қана қоймай, сондай-ақ тамырлар мен буындар проблемаларының пайда болуына ықпал етеді. Себебі мұндай сусындарда көп мөлшерде болатын қышқылдар кальцийдің ағзаға түсуіне кедергі келтіріп, оны сүйектерден шайып жібере береді. Нәтижесінде, буындар әлсіз бола түседі де, бұзыла бастайды.

Денсаулықты сақтау үшін газдалған сусындарды сирек ішіп, оның орнына таза су таңдау керек. Осылайша, қышқылды-сілтілі тепе-теңдікті реттей аласыз, ағзадан уыттарды шығарып, буындардың тығыздығы мен иілгіштігін барынша ұзаққа дейін сақтай аласыз.

Күнде бірнеше стақан кофе немесе шай ішесіз
Құрамында кофеині бар сусындар — сау буындардың басты жаулары. Ағзада пуриннің (кофе мен шайда көп болатын химиялық элемент) көп болуы зат алмасудың бұзылуын болдыруы және ағзадағы несеп қышқылы деңгейін арттыруы мүмкін. Нәтижесінде, буындар проблемасы пайда болады және тұз байлану ауруының (подагра) пайда болу мүмкіндігі артады.

Кофені жиі ішетініңізді көрсететін басқа да белгілер бар. Мысалы, созылмалы бас ауруымен қиналасыз, жиі мазасызданасыз және нашар ұйықтайсыз.

Фастфуд және жартылай дайын өнімдер тұтыну
Құрамында трансмайлар, консерванттар және дәм күшейткіштері бар өнімдерді көп жеу буындар жағдайына жағымсыз әсер етеді. Қытырлақ картоп, пісірмелер, бургерлер: бұл тамақтар жылдам тойдырғанмен, диабет, семіздік және басқа да қауіпті аурулардың пайда болу қаупін арттырады.

Егер фастфудтан толықтай бас тарта алмасаңыз, оны сирек жеуге тырысыңыз. Буындар саулығын сақтау үшін құнарлы микроэлементтерге және дәрумендерге бай жаңа піскен немесе шикі тамақтарды көбірек жеңіз.

Глютенге бай өнімдерді көп жейсіз
Торттар, макарондар, шұжықтар, нан: бұл өнімдердің құрамында глютен көп. Ол — ағза қиын қорытатын өсімдік ақуызының бір түрі. Диетологтар буындар проблемасы бар адамдарға құрамында глютені көп өнімдерді аз жеуді ұсынады.

Ағзаның глютенді көп алып жатқанын қыжыл, көңіл күйдің өзгере беруі, тері құрғақтығы және дәрет проблемалары ескертеді.

Қымыздық қышқылдарына бай өнімдерді көп жейсіз
Какао, бауыр, қызыл ет, асжапырақ және қымыздықтың пайдалы қасиеттері көп. Алайда, оларды көп жеу буындар проблемасын тудырады.

Термиялық өңдеу процесі кезінде қымыздық қышқылы ағзаға сіңбейтін органикалық емес тұз түзеді. Нәтижесінде, буындар жағдайы нашарлайды және бүйректерде тас түзілу мүмкіндігі пайда болады.

А. Жапатова