Дәрігер түнде жиі оянатын адамдардағы ауру түрлерін атады

Дәрігер түнде жиі оянатын адамдардағы ауру түрлерін атады
Фото: shutterstock.com

Түнде жиі ояну ішкі ағза жұмысындағы ақауды көрсетуі мүмкін. Бұл туралы диетолог Яна Прудникова Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты.

Диетологтың айтуынша, түнде жиі ояну адамның психологиялық жағдайынан да, ішкі ағза ауруларынан да туындауы мүмкін. Дәрігер түнде оянып дәретхана мен тоңазытқышқа бара беретін адамдарға дәрігерге көрінуге және тексеруден өтуге кеңес берді.

Прудникова атап өткендей, мұндай белгілер ұйқы безінің, бауырдың және бүйрек үсті бездерінің бұзылуын көрсетуі мүмкін.

"Ең болмағанда қант диабетіне қарсы тексерілу қажет. Сондай-ақ ұйқы безі мен бауырдың биохимиясын тексеру керек. Бұдан бөлек кортизол гормонының деңгейін анықтау үшін бүйрек үсті бездерін де тексеру керек", - деді диетолог.

Диетологтың айтуынша, адам түнде ұзақ уақыт ұйықтай алмаса, тамақ жегісі келсе, адреналин оның қанында белсенді түрде бөлінеді. Бұл тіпті бүйрек үсті безінің субклиникалық дисфункциясы болуы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін ғалымдар ұзақ өмір сүру үшін күнде қанша қадам жаяу жүру керек екенін айтқан болатын.

Зерттеу нәтижесінде  60 жастан асқан адамдар өлім қаупі бірте-бірте азаюы үшін күніне 6-8 мың қадам жүруі керек екені анықталды. 60 жасқа толмаған адамдарға денсаулық пен фитнесті сақтау үшін 8-12 мың қадам жүру ұсынылады. Сонымен қатар, зерттеушілер жаяу жүрудің қарқындылығы маңызды емес екенін атап өтті.

Т. Раушанұлы