"Омикронды" емдеуге арналған сегіз препарат анықталды

"Омикронды" емдеуге арналған сегіз препарат анықталды
Фото: РИА Новости / Кирилл Брага

"Омикрон" штаммын емдеуде дәрігерлер коронавирустың басқа штаммдарында қолданған сегіз вирусқа қарсы препарат тиімді болды. Бұл туралы Кент университеті мен Франкфурт Гёте университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, Cell Research жазды.

Жасуша мәдениетін зерттеу омикрон сегіз вирусқа қарсы препараттарға сезімтал екенін көрсетті.

Оларға EIDD-1931 (молнупиравирдің белсенді метаболиті), рибавирин, ремдесивир, фавипиравир, PF-07321332 (нирматрелвир, паксловидтің белсенді ингредиенті), нафамостат, камостат және апротинин жатады.

Ғалымдар "омикронды" жұқтырған науқастардың коронавирустың ауыр түрлерімен азырақ ауыратын себебін де айтты. Бұл штамм дененің барлық жасушаларында болатын интерферон деп аталатын реакцияның басылуына ерекше сезімтал болатындығына байланысты.

Айта кетейік, бұған дейін дәрігерлер омикрон" жұқтырғандарда ең көп кездесетін белгілерді атаған болатын.

Коронавирустың "омикрон" штаммын жұқтырғандардың төрттен үш бөлігі (73 пайызы) мұрынның ағуына шағымданады екен. Бас ауруы пациенттердің 68 пайызында байқалған, ал науқастардың 64 пайызы әлсіздік болғанын хабарлаған. Сонымен қатар, осы штаммды жұқтырғандардың кем дегенде 60 пайызы түшкіру немесе тамақ ауруы мазалағанын, 44 пайызы жөтелгенін айтқан.

Коронавирустың "омикрон" штаммы немесе B.1.1.529 қараша айында Ботсвана мен Оңтүстік Африкада анықталды. Мамандардың айтуынша, бұрын ауырғандар және екпе алғандар оны жұқтыруы мүмкін. Жаңа нұсқа қазірдің өзінде 110 елде, соның ішінде Қазақстанда анықталған. Ол алдыңғы дельта штаммына қарағанда тез таралады.

Т. Раушанұлы