Иммунитетті түсіретін 5 әдет

Иммунитетті түсіретін 5 әдет
Фото: create.vista.com

Өмір сүру салтыңызға сырттан қарасаңыз, кей әдеттеріңіз денсаулығыңызға, соның ішінде, иммунды жүйенің жағдайына нашар әсер етіп жатқанын байқауыңыз мүмкін.

Иммунитет — ағзаны вирустар мен ауру тудыратын организмдерден қорғайтын күрделі жүйе. Халық тығыздығы көп қалаларда ЖРВИ-дің (жедел респираторлық-вирустық инфекциялар) таралалуына ықпал ететін орта жасалады. Алайда, бір мезгілде бір-екі рет ЖРВИ-мен ауыру иммунитеттің төмендігін көрсетпейді. Егер жиі салқын тиіп ауырсаңыз, иммунитетіңіздің нашарлауына кей әдеттеріңіз ықпал етуі мүмкін.

Жеткілікті мөлшерде су ішпеу

Су ішудің стандартты нормасы — тәулігіне 1,5-2 литр. Физикалық белсенділік немесе белсенді терлеу кезінде бұл мөлшерді арттыру керек болады. Суды жеткілікті мөлшерде ішпеу сусыздануға, қан қасиеттерінің нашарлауына, шырыштылардың кебуіне әкелуі мүмкін. Олар мұндай жағдайда жұқпаларға қарсы тұра алмайды.

Тұрғын кеңістіктегі ауаның ылғалданбауы

Қыста, жылытқыштар қосылатын мерзім бойы үй-жайдағы ауа өте құрғақ болып кетеді. Ол тері мен шырышты қабықтардың құрғақтануына және жергілікті иммунитеттің әлсізденуіне себепшісі болуы мүмкін. Сондай-ақ құрғақ ауада сөйлеу, жөтелу және түшкіру кезінде таралатын вирустар мен микроорганизмдердің бөлшектері ұзағырақ сақталады.

Үйлесімсіз тамақтану

Тамақтың біртекті болуы және қатаң диеталық шектеулер дәрумендер мен минералдардың жетіспеуіне әкелуі мүмкін. Ал ол өз кезегінде иммунитеттің түсіп кетуіне әсер етеді. Тәттіні көп жеу, әсіресе, газдалған тәтті сусындарды жиі ішу қандағы қант деңгейінің өзгеруіне әкеліп, тері мен шырыштыларда бактериялардың дамуына қолайлы орта түзеді.

Аз ұйықтау

Ұйқы кезінде барлық органдар мен ағза жүйесі демалады және қалпына келеді. Созылмалы ұйқысыздық ағзаның жұқпаларға қарсыласуын әлсіретеді.

Спортқа мән бермеу

Физикалық белсенділік — иммунитетті қатайтудың басты шарттарының бірі. Әсіресе, таза ауада жаттығу ағзаның жалпы жұмысына жағымды әсер етеді. Жақсы қанайналым иммунды жүйе жасушаларына ағзаның барлық бұрышында өздерінің қорғаныш функциясын дұрыс орындауға мүмкіндік береді.

А. Жапатова