Сарапшы: "Омикрон" штамынан кейінгі антидене дельтадан қорғай алмайды

Сарапшы: "Омикрон" штамынан кейінгі антидене дельтадан қорғай алмайды
Фото: ТАСС

Короновирустың дельта штаммымен ауырғаннан кейін ағза шығаратын антиденелер "омикроннан" қорғайды, бірақ кері тәртіпте бұл процесс өте нашар жұмыс істейді. Бұл туралы ТАСС агенттігіне DNAOM молекулалық-генетикалық зерттеулер ғылыми орталығының негізін қалаушы және бас директоры Андрей Исаев мәлімдеді.

"Өкінішке қарай, зерттеу нәтижесі омикроннан кейінгі иммунитет басқа штамдардан қорғауда нашар жұмыс істейтінін дәлелдеді. Дельтадан кейінгі антидене омикроннан аздап болсын қорғайды, ал омикроннан кейінгі антидене дельтаға өте әлсіз әсер етеді", деді сарапшы.

Гректің "омикрон" әрпімен белгіленген B.1.1.529 коронавирус штаммы 2021 жылы Африканың оңтүстігінде табылған.

Айта кетейік, қарашаның соңына қарай әлемде коронавирустың жаңа штаммы пайда болды. Ол алғаш рет Оңтүстік Африкада тіркелді. "Альфа", "Бета" және "Дельта" штаммдары сияқты, жаңа штаммның грек атау алатыны белгілі болды.  Кейіннен жаңа штамм – "омикрон"  деп аталды.

ДДҰ мәліметтері бойынша, жаңа штамм қазірдің өзінде 110 елде табылған және тіпті халықтың иммунитеті жоғары жерлерде де тез таралып жатыр. COVID-19-дың жаңа штаммы табылған елдерде ковид 1,5-3 күн сайын екі есе көбейіп жатыр.

А. Оралқызы