Дұрыс ұйықтай алмау холестериннің көптігінен болуы мүмкін

Дұрыс ұйықтай алмау холестериннің көптігінен болуы мүмкін
Фото: traveltimes.ru

Тез ұйықтай алмау, ұйқының дұрыс болмауы кейде қандағы холестериннің көптігінен болуы мүмкін. "Ағзада холестерин көбейіп кеткенін білдіретін бірнеше белгілер бар. Солардың бірі – ұйқысыздық" дейді британ дәрігерлері Sleep журналында жарияланған зерттеуде.

Мәселен, британ фармацевті Дон Гранттың айтуынша, ағзасында холестерин енді көбейе бастаған адам ұйқыға келгенде беймаза бола бастайды.

"Мұндай адам жылдам ұйықтай алмай қиналады. Әрі ұйқысы тез бұзылады. Бұл холестериннің көбейе бастағанының бір белгісі. Әрине, қанда холестерин көбейіп кеткенін білдіретін басқа да белгілер жетерлік. Бұл – соның біреуі ғана", - деп түсіндіреді ол.

Sleep журналында жарық көрген зерттеуде 20 жастан асқан 1666 ер адам мен 2329 әйел адамның қатысуымен тәжірибе өткізілгені айтылады. Тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, түнде 5 сағат қана ұйықтайтын адамдардың қанында триглицеридтердің (май) концентрациясы көп болып шыққан.

"Егер ұйқысыздық шалдыққан жан болса, қан тапсырып, холестериннің көлемін біліңіз. Көп болып шықса, оны түсірудің ем-шараларын жасау қажет. Содан ұйқыңыз жақсаруы мүмкін", - деген кеңес айтады Дон Грант.

Қ. Слямбек