Адам ағзасында жаңа бұлшықет анықталды

Адам ағзасында жаңа бұлшықет анықталды
Фото: Jens C. Turp/UZB

Доктор Сильвия Мезей мен профессор Йенс Кристоф Турп бастаған Базель университетінің (Швейцария) ғалымдар тобы адамның жақ бұлшықетінің бұрын белгісіз болған бөлігін анықтады. Ғалымдар өз тұжырымын Annals of Anatomy ғылыми басылымында хабарлады.

Бұрын шайнау бұлшықеті екі қабаттан тұрады деп есептелді – жоғорғы және терең қатпарда орналасқан. Бірақ жануарларды зерттеу ғалымдарды оның күрделірек болуы мүмкін деп болжауға әкелді.

"Шайнау бұлшықетінің бұл бөлігі басқа бұлшықет қабаттарынан орналасуы мен қызметі бойынша ерекшеленеді", - деді доктор Мезей.

Мамандардың айтуынша, бұлшықеттің бұл терең қабаты төменгі жақтың қалыптасуына қатысады және оны тұрақтандырады. Бұл төменгі жақты артқа, яғни құлаққа қарай тартатын шайнау бұлшықетінің жалғыз бөлігі.

Жаңа қабат басқа екі қабатқа қарағанда жоғарырақ және жаққа жақын және өлшемі кішірек.

Анатомиялық тәжірибе кезінде 12 бассүйек зерттелді. Тағы 16 дененің компьютерлік томографиясы және бір тірі адамның МРТ-сы талданды.

"Кейінгі жүз жылда адам анатомиясының барлығы дерлік зерттелді. Сондықтан, біздің жаңалығымыз зоологтардың омыртқалы жануарлардың жаңа түрін ашуымен салыстыруға болады", - деді профессор Турп.

Ғалымдар жаңа бұлшықет қабатын Musculus masseter pars coronidea (шайнау бұлшықетінің короноидты бөлімі) деп атады.

Айта кетейік, Сиднейдегі Гарван медициналық зерттеу институты (Garvan Institute of Medical) ғалымдары тышқан мен адамның иммундық жүйесінде жаңа микроағзаның бар екенін анықтаған болатын. Бұл кейінгі онжылдықта медицина саласында ашылған ең маңызды жаңалықтардың бірі болды. Себебі осы арқылы ғалымдар болашақта тиімді вакциналарды дамыту жолдарын жасап шығады. 

Лимфа түйіндерінде анықталған ағза "субтүтікшелік пролиферативтік ошақ" (SPF) деп аталады. Зертханалық тәжірибе кезінде бастапқыда жұмбақ ағза тышқандарда, содан кейін адамдарда бар екені анықталды. Зерттеушілер ағза бір ауруға шалдыққанда келесіде одан жақсы қорғану жолдарын жасап шығатынын айтады. "Иммундық жад" деп аталатын бұл ерекшелік естің В-жасушаларына топталады.

А. Оралқызы