Шыршаның адам денсаулығына қаупі қандай?

Шыршаның адам денсаулығына қаупі қандай?
Фото: hi-news.ru

Жалпы, кейінгі уақытта адамдар Жаңа жыл сайын табиғи емес жасанды шыршаларды үйлеріне орнатады. Дегенмен, табиғи шыршаны үйіне орнататындар да бар. Өйткені, бірде-бір жасанды шырша үйді Жаңа жыл мерекесінің жақындағанын білдіретін қарағайдың иісін бере алмайды. Бірақ табиғи ағашты сатып алу арқылы табиғатты құрбан етіп қана қоймай, денсаулығымызға да қауіп төндіретінімізді есте ұстаған жөн. Бұл туралы hi-news жазды.

Британдық ғалымдардың айтуынша, табиғи шырша жанкүйерлері “шырша синдромы” деп аталатын ауруға шалдығуы мүмкін. Ол бас ауруы, жөтел, мұрыннан су ағу, түшкіру сияқты белгілермен ерекшеленеді. Жалпы, мамандардың пікірінше, симптомдар шөп безгегіне ұқсайды. Бұл синдром табиғи шырша мен қарағайда көп болатын аллергендерден туындайды. 

Неліктен табиғи шыршалар аллергия тудырады?

Британдық ғалымдардың айтуынша, шыршадан аллергиядан зардап шегетін адамдар ең үлкен қауіпке тап болады. Ауа аллергенінің сарапшысы Макс Вайсбергтің айтуынша, жоғарыда аталған белгілер бірнеше себептерге байланысты пайда болуы мүмкін. Ең бастысы – ағаштың бетінде кездесетін аллергендер.

Ағаштың бетінде зең, шаң және басқа өсімдіктердің тозаңдары болады.

State University of New York Upstate Medical University ғалымдар тобы 28 шыршаның үлгілеріне талдау жасаған. Зерттеу олардың құрамында зеңнің елуден астам түрі бар екенін анықтады. Сонымен қатар, қабықтың құрамында басқа өсімдіктердің тозаңы жиі кездеседі. Мұндай шаң аллергиямен ауыратындарды айтпағанда, тіпті сау адамдарда да денсаулыққа байланысты проблемаларды тудыруы мүмкін.

Дегенмен, жасанды шыршалар толығымен қауіпсіз деп ойламаңыз. Уақыт өте келе олардың үстіне шаң жиналады. Әсіресе, бұл жылдар бойы мерекеге қойған ескі жасанды шыршаларда көп кездесетін жағдай.

Мереке алдында шыршаны қалай безендіру керек?

Сарапшылар шырша синдромының қаупін азайтуға және кейбір жағдайларда тіпті оны толығымен болдырмауға болатын бірнеше тәсілді ұсынды. Ең алдымен, шыршаны мереке күнінен тым ерте орнатуға болмайды. Бұл жағдайда шаң жиналады.

Шырша мереке алдында орнатылып, одан кейін дереу тазалау керек. Ағаш құрамындағы аллергендердің мөлшерін азайту үшін (табиғи немесе жасанды), оны құрмай жатып жуу қажет. 

Жасанды шыршаны жабық қаптамада сақтау қажет

Егер синтетикалық ағаш туралы айтатын болсақ, оның таңдаған кезде бірнеше факторға назар аудару керек. Күшті химиялық иісі бар шыршаны сатып алмаған жөн. Жасанды шыршаны бір жыл бойы жабық қаптамада сақтаңыз, сонда шаң мен зең оның бетінде жиналмайды.

Т. Раушанұлы