Өтірік күлудің өзі адамға пайдалы

Өтірік күлудің өзі адамға пайдалы
Фото: pexels.com

Жай күлудің өзі адамға пайдалы екен. Күлкі адам психикасына оң әсер етіп, күйзелісі мен уайымын басады. Тіпті, өтірік күлкінің өзі сондай қасиеті бар. Осылай дейді Оксфорд университетінің зерттеушілері.

Күлкінің адамға пайдалы екені белгілі. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды. Ішінде қайғысы мен уайымы бар адамның күле алмасы тағы анық. Бірақ Оксфорд университетінің зерттеушілері іштен тұнжырап жүргенше, аз да болса күліп жүргеннің пайдасы әлдеқайда көп дейді.

"Өйткені зерттей көрсеткендей, адам күлген сәтте кеуде бұлшық еті жиырылып, оның диафрагмалық белсенділігі артады да өкпеге ауаның кіріп-шығуы жеңілдейді. Ал бұл өз кезегінде мида бақыт гормонын – эндорфинді бөлуді белсенді етеді", - деп түсіндіреді зерттеушілер.

Ал қанға түскен эндорфин адамға жағымды эмоция сыйлап, бойын арам ойлардан жеңілдетеді. Эндорфиннің тағы бір қасиеті – кортизол сынды күйзеліс гормонын басуға қабілетті. Әрі мида азот оксидін бөлуге көмектеседі. Ал ол бұлшық еттің босаңсып, ағзаның антистрестік қабілетінің күшеюіне ықпал етеді.

Азот оксиді қан тамырларын кеңейтуге қабілетті. Содан адамның қан қысымға шалдығуы азаяды. Сондықтан күлкі артериалды қан қысымынан ада етеді десек болады.

Қ. Слямбек