Дәрігер ыстық шай ішу қандай ауруға себеп болатынын айтты

Дәрігер ыстық шай ішу қандай ауруға себеп болатынын айтты

Ресейлік терапевт Сури Дадашева тым ыстық сусындар неліктен өмірге қауіп төндіретінін айтты. Бұл туралы РИА Новости жазды.


"Көп адамдар өте ыстық шай, кофе немесе басқа сусындарды ішкенді ұнатады. Бұл өңештің қатерлі ісігінің дамуына әкелуі мүмкін. Себебі, ыстық сусындар өңештің ішкі бетінің жасушаларын зақымдап, микротравма түзеді. Кейіннен ол қатерлі ісіктің дамуына себеп болады”, - деді дәрігер.


Маман ыстық сусындарды ішкенде абай болу керектігін айтты. Ыстық шайды суытып немес салқын сүт қосып ішуді ұсынды.

Айта кетейік, медицина ғылымдарының кандидаты, диетолог, гастроэнтеролог Маргарита Арзуманян да тым ыстық шай денсаулыққа зиянды екенін айтқан болатын.

Дәрігердің айтуынша, далада күн суық кезде ыстық шай ішсек жылынатындай боламыз. Бірақ, бұл – иллюзия. Егер сусынның температурасы тым жоғары болса, адам денсаулығына қауіп төндіреді.


"Ыстық сусын қатерлі ісіктің дамуына әкелуі мүмкін, өңеш пен көмей зақымдалуы мүмкін деген зерттеулер бар. Сондықтан қайнаған шайды сәл салқындатып ішкен дұрыс. Ең дұрысы шайды дене температурасымен бірдей немесе сәл ыстық –  40 градустан асырмай ішкен жөн", - деп ескертті Маргарита Арзуманян.

Оның айтуынша, шай қайнатқаннан кейін шамамен бес минут күту керек, содан кейін ғана ішуге болады.

Шайдың жылыну әсеріне келетін болсақ, бұл физикалық емес, психологиялық, деп санайды дәрігер.

"Шай ішкенде: ауыз температураны сезеді, бізге жылынғандай болып көрінеді, біз асқазандағы температураны сезбейміз. Бұл психологиялық әсер", - деді гастроэнтеролог.

Шайды пайдалы ету үшін дәрігер оған кептірілген жемістер, дәмдеуіштер мен шөптерді қосуға кеңес берді. Мысалы, тимьян, орегано, кептірілген алма, апельсин қабығы немесе даршын.