COVID-19-дан кейін дене қызуының түспеуі нені білдіреді?

COVID-19-дан кейін дене қызуының түспеуі нені білдіреді?

COVID-19-дан айыққан адамдарда дене қызуы тағы бірнеше ай бойы 36,6 градустан жоғары болуы мүмкін. Бұндай жағдайда не істеу керектігін нейрофизиолог Александр Будик Sputnik радиосына айтты.

Ауру кезінде температура көтерілсе бұл дененің инфекциямен күресетінін көрсетеді. Егер температура ағза сауыққанан кейін тіркелсе, онда бұл денедегі теңгерімсіздіктің белгісі болуы мүмкін, деп есептейді нейрофизиолог.

Оның айтуынша, COVID-19-дан кейін температураның 37-37,5 градусқа дейін көтерілуі ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Мұндай жағдай көптеген вирусты аурулармен беріледі, содан кейін температура бірнеше апта немесе тіпті айлар бойы көтерілуі мүмкін.

"ЖРВИ және тұмау мұндай белгілерді бере алады. COVID-19 ауруынан кейін терморегуляцияның бұзылуы вегетативті теңгерімсіздіктің көрінісі болуы мүмкін", - деп түсіндірді Александр Будик.


Температураның 37,5 градусқа дейін көтерілуі өздігінен қауіп төндірмейді. Бірақ егер ол басқа белгілермен бірге жүрсе, онда бұл дәрігерге барудың себебі екенін айтты нейрофизиолог.

"Мысалы, егер адамның дене қызуы көтеріліп, басы ауырса немесе буындары ауырса, бұл дәрігерге көріну керек екендігінің белгісі", - дейді дәрігер.

Егер қосымша белгілер болмаса, дәрігердің айтуы бойынша температура біраз уақыттан кейін қалыпқа келуі керек.

Т. Раушанұлы