Вирусолог коронавирусты кімдер жұқтырмайтынын айтты

Тұмау немесе ЖРВИ-мен ауырып жатқан адамдар коронавирус жұқтырмайды. Бұл туралы Энгельхардт молекулалық биология институтының жасушаларды тарату зертханасының меңгерушісі, Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, профессор Петр Чумаков айтты.

"Адам, суық тигенде немесе ЖРВИ кезінде коронавирус жұқтырмайды. Бірақ сауығып кеткеннен кейін көп ұзамай ол ковид жұқтыруы мүмкін. Ал бірінші аурудан әлсірегендіктен, оның салдары ауыр болады", - деді Петр Чумаков.

Профессор айтуынша, науқас денесінде вирусқа қарсы ақуыз түзіледі.

"Әдетте, адам бір вируспен ауырғанда, ол екіншісімен ауырмайды. Адам ағзасын қорғайтын интерферон бөлінеді.  Бұл ағзаны екінші инфекциядан қорғайтын вирусқа қарсы ақуыз", - деді вирусолог.

Айта кетейік, Бұған дейін коронавирус жұқтырудың күтпеген себебі аталды.

"Радио 1" эфирінде: "Көңіл-күйің нашар болса, коронавирус инфекциясын жұқтыруың мүмкін"- деді  инфекционист Светлана Малиновская .

Оның айтуынша, психикалық жағдай иммундық жүйеге қатты әсер етеді. Сондықтан қорқыныш, дүрбелең және күйзеліс аясында ағзаның қорғанысы төмендейді.