Ақ шашты жұлудың қаупі

Ақ шашты жұлудың қаупі
Фото: ukrainianwall.com

Басқа ақ шаштың түсуі кімге болса да қуаныш әкелмесі анық. Алайда оны жұлып құтыламын деу – әурешілік. Ең қиыны сол – ақ шашты жұламын деп бастың құйқасын құртып алуымыз мүмкін.

Бас пен құйқаға зияны тимес үшін ақ шашты жұлып қажет емес. Осылай дейді тері мамандары. Егер шаш жұлсаңыз, талшық өсіп шығатын жасуша – фолликул зақым алады. Содан шаш өсетін құйқаның бұл аймағы тақыр жерге айналуы мүмкін. Бұл маңда шаш сиреп кетуі ықтимал.

Одан да қауіптісі – шаш жұлынған жерге инфекция түсіп, жарақат пайда болуы мүмкін. Содан басқа шаштың басқа талшықтары да зақым алып, құйқа ауруы пайда болмақ.

Ел ішінде тараған тағы бір миф бар. Егер ақ шашты жұлсаңыз, қаптап кетеді дегенге сенушілер бар. Трихолог мамандар мұны қате сенім дейді.

"Әр шаштың өсіп шығар өз талшығы бар. Оны фолликул дейді. Шаш жұлғанда фолликул зақымдануы мүмкін, бірақ ақ шаш көбейіп кетеді деген мүмкін емес", - дейді трихолог Айгүл Қожаева.

Қ. Слямбек