I-BALAQAI. Эндокринолог балалардағы семіздік себептері жайлы сөз қозғайды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2025 жылға қарай 70 миллионға жуық адам артық салмақтан зардап шегетін болады. Семіздікті ерте жастан қалай анықтау керек? Еметін балаға эндокринологтың кеңесі қажет пе? Қалқанша безінің жұмысы бұзылған балалар мен жасөспірімдерде қандай жағымсыз әсер болады? I-BALAQAI шығарылымында осы және өзге де сұрақтарға сарапшы жауап береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 1 шілдеде сағат 20.00-де I-BALAQAI YouTube-арнасынан көре аласыздар. Гастроэнтерология және эндокринология бойынша мамандандырылған, 20 жылдық тәжірибесі бар терапевт Ирина Досманова гормоналды тепе-теңдіктен болатын физикалық және физиологиялық өзгерістер туралы айтады.

Жүргізуші – журналист, телерадиожүргізуші Махаббат Есен.

Сондай-ақ, оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзінділерін біздің сайттан және I-BALAQAI YouTube-арнасынан таба алады. I-BALAQAI жобасы аясында подкаст, пайдалы мақалалар, бейнематериалдар және тағы басқасы шығады.

Жоба туралы толығырақ I-BALAQAI Instagram парақшасында

RTS Decaux компаниясына түсірілім жасауға локация ұсынғаны үшін алғыс білдіреміз.