Шаңға аллергияны жеңілдетуге қатысты лайфхак

«Поллиноз» аталатын шаңға аллергия Жер шары тұрғындарының төрттен бір бөлігін мазалайды. Олар жыл сайын жаз мезгілінде мұрын қышуы, көз қызаруы, тамақ қыжылы сияқты жағымсыз әсермен күреседі. Бұл олардың жақсы өмір сүруіне айтарлықтай әсер етеді. Сол себепті мамандар аллергия кесірінен шаршап-шалдықпас үшін не істеу керек екеніне қатысты мынадай кеңес береді.

Бальзам жағып жүріңіз

Үнемі түшкіре берудің себебі, әдетте, мұрынға түскен шаң болады. Мұрын қуысының кілегейлі қабатын қышытатын шаң түйіршіктерімен күресудің бірден бір жолы — ерінге арналған бальзам қолдану. Оның орнына қарапайым вазилин пайдалануға да болады. Күні бойы мұрын тесігінің айналасын ылғалдандырып жүріңіз.

Жиі жуыныңыз

Бұл айдан анық болса да, есіңізге түсіре кеткен артық болмас. Бет пен қолды жиі жусаңыз, оған қонған шаң түйірлері денеңізде ұзақ тұрақтамайды. Күніне екі мезгіл душ қабылдасаңыз, аллергия тудырған жағымсыз әсерден біраз арыласыз. Мұндай жағдайда, әдетте, бет күтіміне қолданылатын мата маскалар да көмекке келе алады. Тек оларды мұздатқыштан алған бойда пайдаланған дұрыс.

Мұрыныңызды жиі шайыңыз

Әсері бірден сезілетін лайфхак — мұрын шаю. Мамандар күніне бірнеше рет тұзды сумен мұрынды жуу сыртқы ортадан түскен қоздырғыштардан құтылуға көмектесетінін айтады. Ерітіндіні аямай, молынан пайдалансаңыз, өзіңізге жақсы.

Шөп шай ішіңіз

Шай шөлді басып қана қоймай, аллергиямен күрес жолында да пайдалы бола алады. Куркума немесе зімбір қосылған ыстық сусын, жалбыз тұнбасы мұрын бітелуін, тамақ қышуын басады. Жүйке жүйесін тыныштандыру қасиеті де бар.

Бір қасық бал

Бал — шаңнан туған аллергиямен күресудің нағыз табиғи амалы. Себебі, оның құрамында болатын тозаң тозаңның өзге түрлеріне қатысты сезімталдық деңгейін төмендетеді. Күніне бір қасық бал тұтынудың өзі оң әсерін бермей қоймайды.

Ауа ылғалдандырғыш қолданыңыз

Шаңға аллергия адам есік, терезені жауып жүргені жөн. Десе де, жаз мезгілі ыстық үйде қымталып отыруға мүмкіндік бермейді. Сол себепті ауа ылғалдандырғыш алудың пайдасы болмаса, зияны жоқ. Пәтердің ауасын айналдыру үшін терезе ашатын болсаңыз, оны тек таңғы мезгілде ғана жүзеге асырыңыз. Бұл кезде шаң мөлшері айтарлықтай аз болады.

Төсек қабын жиі ауыстырыңыз

Үстіміздегі киім секілді, төсек орнымызға да тозаң тез қонады. Полинозбен ауыратын адам көрпе-көпшігінің қабын аптасына бір мезгіл міндетті түрде ауыстыруы тиіс. Тіпті сүртінетін сүлгіміздің өзін күнде жуған жөн.