Сусынның қай түрі шөлді тез басады?

Жазда, күн ыстықта адам ағзасы жиі құрғайды. Ағзаға жетпеген сұйықтықты толтырып, шөл қандырудың жолы жетерлік. Лимонад, су, шырын мен сүт, кейде суық не ыстық шай, газдалған сусын ішеміз. Ата-әжелер шөлдеп кеттік деп ыстық күнде ыстық шай ішіп жатады. Бірақ бұл сусын түрлерінің қайсысы шөл қандыруға жақсырақ, қайсысы ағзаға тез қуат береді?

Ең алдымен шөлдеу деген не, соған мән берейік. Шөлдеу дегеніміз – ағзаға су жетпей, қанның сұйылуы. Адам ағзасы соны сигнал түрінде білдіреді. Демек, бізге тез қорытылып барып қанға жылдам сіңетін сұйықтық керек. Сондықтан болар, кей сусынды ішсек, шөл тез қанады да, енді бірін ішсек, шөл қанбай, қайта-қайта іше береміз.

Тасмания университеті мен Гарвард қоғамдық тамақтану мектебі ғалымдарының мына бір зерттеуінде шөлді басатын ең жақсы сұықтық ретінде кәдімгі суды таңдаған екен. Ол ғалымдардың айтуынша, ыстық күнде тәтті сусын мен сүт ішуден біраз тыйыла тұрған дұрыс. Өйткені тәтті сусын мен шырынның құрамында көмірсу көп әрі аса шөл қандырмайды. Қант диабетіне шалдықтыруы мүмкін.

Сусындардың шөлді қалай басатынын бағалау мен метрикасын өлшеудің тәсілін таба алмай ғалымдар ұзақ жүрді. Бірақ жақында ғана британия зерттеушілері шөлді басу деңгейін өлшейтін метрика түрін тауып, оған гликемия индексі деген атау беріпті. Сусынның бұл индексі жоғары болған сайын, қанға сіңуі де төмен болмақ. Ғалымдар есептеудің басы ретінде суды алған екен.

Сусындардың гликемиялық индексіне жүгінсек, ең аз қорытылатын сусын – сүт пен апельсин шырыны екен. Кофе мен газдалған сусын да жылдам қорытылатын сусынға жатпайды.

Өзге де қызықты ақпараттарды сайтымыздың instagram парақшасынан оқи аласыздар