I-BALAQAI. Сарапшы балалардағы цифрлық аутизм туралы айтады

I-BALAQAI. Сарапшы балалардағы цифрлық аутизм туралы айтады
Фото: tengrinews.kz

Цифрлық аутизм деген не және оның классикалық түрден айырмашылығы неде? Ол қазіргі уақытта қаншалықты тараған? Диагнозбен күресу жолдары бар ма?

Бүгін, 15 сәуірде сағат 20.00-де I-BALAQAI YouTube-арнасында цифрлық аутизм туралы балалардың неврологиялық патологиясына мамандандырылған невропатолог Константин Пушкарев айтып береді. 

I-BALAQAI жобасының негізін қалаушы – Alash Media Group медиахолдингі мен Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес – "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Спикерлер тәжірибесін бөлісіп, пайдалы кеңестер мен ұсыныстар береді. 

Жүргізуші – журналист, тележүргізуші Махаббат Есен.

Оқырмандар, көрермендер мен тыңдаушылар сұхбаттардың үзінділерін Zhuldyz FM, Tengri FM, VOSTOK FM радиостанцияларынан таба алады. I-BALAQAI жобасы аясында подкаст, пайдалы мақала, видео және басқасы шығады. 

Жоба туралы толығырақ Instagram-дағы I-BALAQAI ресми парақшасында.

Түсірілім жасауға локация ұсынғаны үшінRTS Decaux компаниясына алғыс білдіреміз.

Н. Үсенова