Дәнді дақылдар қаншалықты пайдалы?

Кейінге кезде құрамында глютен мен көмірсу көп болғандықтан, дәнді дақыл өніміне деген көзқарас өзгере бастады. Алайда зерттеулерге сенсек, глютен мен көмірсудан аллергиясы жоқтарға тұтас дәнді дақыл өнімін тұтыну пайдалы екен. :еміс-жидек пен көкөніс секілді дәнді дақыл да көмірсу, дәрумен, минерал, жасұнық секілді пайдалы заттарға бай. 

Тұтас дәнді дақылдар үш нәрседен тұруы қажет: кебек, ұрық және дәннің эндоспермасы. Өңдеу барысында дәннің құрамындағы дәрумен мен пайдалы заттарға бай кебек пен ұрық жойылуы мүмкін. 

Кейбір өндірушілер тағамды пайдалы затқа байыту үшін кебекті ұн өніміне қосады. Одан бөлек, ұнның құрамына темір, дәрумен, тиамин, рибофлавин және ниацин қосылады. Бұл процесс фортификация деп аталады. 

Күніне кем дегенде 100 грамм тұтас дәнді дақыл өнімін тұтынатындар созылмалы ауруға шалдықпайды деуге болады. Салмақты бір қалыпты ұстауға да көмектеседі.

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры