Сүйектің қандай қызметі бар?

Сүйектің қандай қызметі бар?
Фото: mentalfloss.com

Сәби мен ересек адамның сүйек санында айырмашылық бар екенін білесіз бе? Жаңа туған сәбиде 300-ден астам сүйек болады, есейе келе олардың саны 206-ға дейін азаяды. 25 жасқа дейін сүйектер бірігіп, азая береді. 

Сүйек ағзаны қорғау қызметін атқарады. Әрбір сүйектің қорғаныс қызметінде рөлі маңызды. Мысалы, бас сүйек пен қабырға ми не өкпе секілді қорғауды қажет ететін мүшелерге қызмет етеді.  Сондай-ақ, сүйек жілік майына қажет кальций мен фосфаттың үлкен қоры. Өйткені сүйекте ағзадағы кальцийдің 99%, ал фосфордың 85% сақталған. Ал олар бұлшықет пен жүйке жүйесінің қызметіне өте қажет.

Бұдан бөлек, сүйектің гормон өндіруге қатысатын қабілеті бар. Адам қатты күйзеліске түскенде парасимпатикалық жүйке жүйесін "өшіретін" остеокальцин сүйектің өндіретін жалғыз гормоны. Дәл осы остеокальциннен соң ағзаға адреналин мен кортизол өтеді. 

Сүйектің басым бөлігі кальцийге толы сүйек заттегінен тұрады. Оның қатты және жайпақ пластинка секілді екі түрі бар. Сүйектер бір-бірімен остеоцит жасушылары арқылы байланады. Уақыт өте ересек жасушылар өзінен жастарын біріктіріп, жаңа сүйек жасайды. 

Жалпы, сүйек жүйесінің жұмысына көктамыр мен күретамырдың әсері мол. Өйткені қантамырлары арқылы сүйекке оттек түсіп, күш-қуат алады. Оған қоса сүйекте пайда болатын қажетсіз заттарды қантамыры арқылы сыртқа шығарады. 

А. Рысдәулет