20/20/20 формуласы: Таңертең бір сағатыңды өзіңе арна

Тұлға болып даму туралы біршама еңбек жазған канадалық жазушы Робин Шарманың 20/20/20 ережесі туралы білесіз бе?

Бұл ереже бойынша, адам күніне кем дегенде бір сағатын өзіне арнауы керек екен. Яғни таңертең бір сағатты 20 минуттан бөліп, әрқайсында пайдалы іспен айналысуы қажет. Смартфон ақтармай, пошта тексермей, жаңалық оқымай бір сағатты тек өзіне арнауы қажет.