Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 62 миллионнан асты

Соңғы тәулікте әлемде коронавирусты жұқтырғандардың саны 747 мыңға артты. ДДСҰ мәліметтері бойынша, аурулардың жалпы саны 61,2 миллионнан асты.

Сонымен қатар Джон Хопкинс университеті науқастардың жалпы саны 62,5 миллионнан асып, қаза болғандар саны 1 миллион 145 мыңнан жеткенін мәлімдеді.

ДДСҰ мәліметтері бойынша, кейнгі тәулікте ауырғандардың  жартысынан көбі (405 399) Солтүстік және Оңтүстік Америка азаматтары. Ал, Еуропалық Одақ (236 050) пен  Оңтүстік-Шығыс Азияда да (53 082) науқастар саны азаймай тұр.

Бұған дейін ДДҰ өкілдері Рождество мен Жаңа жыл қарсаңында Еуропаның кейбір елдерінде карантин шектеулерінің азаюына алаңдаушылық білдірген еді.

"Қазір күш пен қырағылықты әлсірететін уақыт емес", - деді ДДСҰ сарапшысы Мария Ван Керхове.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 164 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 72 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бері 42 104 адам ауырып, 443 науқас қаза болған. Ал, жазылып шыққандардың саны – 30494-ке жетті.