Ғалымдар: Диеталық сусындар зиян

Тәтті сусындар жүрек-қан тамыры ауруларына әкелетіні тағы белгілі болды. Зерттеу нәтижесін жариялаған Journal of the American College of Cardiology журналы.  

Француз ғалымдары жасанды дәмдеуіштер мен қант қоспалар қосылған сусындар қан мен жүрек тамырларының қызметіне кедергі келтіреді деген тұжырымға келген. Айтуларынша, 2009-2019 жылдар аралығында тәтті сусындардың адам ағзасына әсерін зерттеу мақсатында 104 мың адамның хал-жағдайын бақылауға алған.

Нәтижесінде қант қосылған диетикалық сусындарды көп тұтынған адамдардың инсульт, инфакт мен миокард алуы, басқа да жүрек қан тамырымен байланысты ауруларға тез шалдығатыны белгілі болған. Қант пен жасанды тәттілер қосылған сусындардың да зияны осыған ұқсас.

"Сондықтан жасанды тәттілер қосылған сусындар мен қант қосылған сусындардың адам азғасына зияны бірдей", - дейді зерттеу авторларының бірі Элой Чазелас (Eloi Chazelas).