Ағзаға ақуыз жетіспейтінін білдіретін 8 белгі

Ақуыз – адам ағзасы үшін маңызды органикалық зат. Адам ағзасының 15-20%-і ақуыздан тұрады. Ол жетіспегенде бұлшықет жұмысы нашарлап, терінің қайта қалпына келу қабілеті төмендейді. Мына белгілерге қарап, ағзаға ақуыз жетіспейтінін біліп, дәрігерге қаралу керегін түсінуге болады.

Ісіну

Ақуыз жетіспегенде қарын маңы, аяқ, табан мен қол ісінеді. Альбумин ақуызы сұйықтықтың дұрыс айналуына көмектеседі, ал оның жетіспеуі сұйықтықтың тұрып қалуына себеп болады.

Жараның ұзақ жазылуы

Коллаген жетіспегенде кез келген кішігірім жара мен жарақаттың жазылуы ұзаққа созылады. Өйткені қан нашар ұйиды.

Шаш, тырнақ пен тері 

Эластин, коллаген мен кератин – шаш, тырнақ пен терінің негізгі діңгегі. Ағзада ақуыз аз болғанда тырнақ жұмсарып, шаш сиреп, тері кебе бастайды. 

Әлсіздік пен шаршаңқылық

Адам жасы ұлғайған сайын бұлшықет мөлшері азайып, теріден су кетеді. Зат алмасу баяулай түскен сәтте жасушаларға оттек жетпейді. Осының салдарынан адам тез шаршап, өзін әлсіз сезінеді. 

Көп тамақ жеу

Ақуыз да көмірсу, май сияқты ағзаны бабында ұстап тұрады. Ол қандағы қант деңгейін реттеуге көмектеседі, көмірсулардың сіңуін баяулатады, сондықтан тоқтық сезімін сақтауға ықпал етеді.

Зейін қою қабілеті төмендейді

Ақуыз біздің миымызды жұмыс жағдайында ұстап тұратын ферменттер мен нейротрасмиттердің қалыпты өңделуіне қажет. Егер ақуыз жетіспесе, зейін қою әлсірейді, сондықтан жұмыс істей қиындай түседі.

Иммунитеттің әлсіреуі 

Қандағы аминқышқылының көмегімен иммун жүйесі ағзада вирус, бактерия және уытқа қарсы антиденелерді өндіреді. Ал ақуыз қоректік заттарды қорытуға әсер етеді. Оның мөлшері азайғанда, иммун жүйесі әлсіреп, адам ауырғыш келеді. 

Көңіл күйдің жылдам өзгеруі 

Ақуыз құрамына кіретін аминқышқыл жүйке жүйесінің байланысына ықпал етеді. Ақуыз жетпегенде көңіл күй тез өзгеретін әдет пайда болады. 

Ағзадағы ақуыздың мөлшерін қалыпта ұстау үшін мына өнімдерді рационға қосуға болады:

Балық

Ең пайдалы түрі – албырт, бақтақ, майшабақ.

Жұмыртқа

Бір жұмыртқада 6,5 грамм ақуыз бар. Әйел адамға күніне орта есеппен 50 г ақуыз қажет.

Ет

Егер етті жақсы көрсеңіз, онда ең дұрысы майсыз етті тұтыну. Артерия қысымын төмендету үшін күніне 175 г ет жеуге кеңес береміз.

Жаңғақ пен бұршақ

Бұршақтарда ақуыз көп. Сондай-ақ көмірсутек бар. Құрамындағы май мөлшері де аз. Ал жаңғақтардың құрамында ақуыз ғана көп емес. Ол сондай-ақ артық салмақтан арылуға көмектеседі.

Құс еті 

Тауық еті мен күркетауық етінде ақуыз өте көп. Бірақ май аз. Тауық етінің бір порциясында 21 г ақуыз болады.

Майсыз сүт өнімдері

Сүт өнімдері сүйектерге өте пайдалы. Сондай-ақ олардың құрамында қалыпты қысымды ұстап тұруға көмектесетін ақуыз бар. Ересектерге күніне екі-үш порция сүт өнімдерін тұтыну керек.