Әлемдегі үздік 10 клиника

Әлемдегі үздік 10 клиника
Фото: pharma.net.ua

Әлемде науқастарды емдеп қана қоймай, медицина болашағына әсер ететін зерттеулер жасайтын клиникалар бар. Назарыңызға Statista Inc. компаниясы жасаған үздік клиникалар рейтингін ұсынамыз.

1. Maйo клиникасы

Миннесота штатындағы Майо клиникасы пациенттерге 150 жыл бойы кешенді медициналық қызмет көрсетіп келеді. Оның Аризона, Флорида және Миннесотада орталықтары, сондай-ақ АҚШ-тың бес штатында 19-дан астам ауруханалары бар. Аталмыш емханада жыл сайын 1,3 миллионнан астам адам емделеді.

Майо клиникасы Alix Clinic Alix Медицина мектебі және бүкіл медициналық қоғамдастыққа маңызды жаңалықтар ұсынатын 57 ғылыми орталығымен және өзінің коммерциялық емес білім беру тобымен ерекшеленеді.

2. Кливленд клиникасы

Бет трансплантациясының отаны саналатын Кливленд клиникасы әлемдегі ең ірі денсаулық сақтау мекемелерінің қатарына кіреді. АҚШ, Канада және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ауруханаларында жыл сайын 7,6 миллионнан астам пациент емделеді.

3. Сингапур жалпы ауруханаcы

Сингапурдағы ежелгі емдеу орталығы 1821 жылы құрылған. Жыл сайын миллионнан астам науқасқа қызмет көрсетеді.

SGH науқастарға қол жетімді медициналық көмек көрсетеді, пациенттерге бағытталған клиникалық зерттеулер жүргізеді, бакалавриат пен магистратура студенттеріне білім береді.

4. Джон Хопкинс ауруханасы

АҚШ-тың Балтимор қаласындағы бұл көпсалалы клиника өте күрделі оталарды жасайды, медицинада маңызды рөл атқаратын зерттеулер жүргізеді. Соның арқасында бұл емханадан медицина саласы бойынша бірнеше Нобель сыйлығының лауреаттары шыққан.

Аурухананың денсаулық сақтау жүйесі, оның ішінде алты академиялық және коммерциялық ауруханалар, төрт сауықтыру және хирургиялық орталықтар және 40-тан астам пациенттерді күту пункттері жыл сайын 3 миллионға дейін пациенттерді қабылдайды.

5. Шарите ауруханасы

Жалпы, неміс медицина клиникалары әлемдегі кез келген медицина мекемесімен бәсекеге түсе алады. Медицина және физиология саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттарының жартысынан көбі Шарите клиникасында жұмыс істейді.

Бұл клиника күрделі хирургия, атап айтқанда, онкология, трансплантология саласындағы зерттеулердің негізгі орны.

2010 жылы 300 жылдық мерейтойын атап өткен Шарите биотехникалық стартап зертханалары, кеңес беру функциялары мен бизнес бастамалар технология және медицинаны жақындастыруға бағытталған биомедициналық инновациялардың алдыңғы қатарында көш бастап келеді.

6. Массачусетс жалпы ауруханасы

1811 жылы ашылған бұл медицина орталығы бірқатар бағыт бойынша дамығанымен, жүрек аурулары саласындағы жетістіктері бойынша айқын көшбасшы. Әлемдегі ең білікті кардиохирургтар осы клиникада жұмыс істейді және тәжірибеден өтеді.

Бірегей зерттеулерімен танымал бұл клиника қызметкерлерінің құрамында 10 Нобель сыйлығының иегері бар.

7. Торонто клиникасы

TGH – Канаданың бірыңғай денсаулық сақтау желісіндегі сегіз аурухананың бірі, сонымен қатар елдегі ірі, қаржыландырылған ғылыми ұйым және Солтүстік Америкадағы ең үлкен трансплантация орталығы.

Торонто университетінің оқу ауруханасы ретінде 2015 жылдан бастап трансплантология саласындағы зерттеулер мен инновацияларды жүзеге асырып келеді. Аталмыш орталықта адамның үш мүшесін (қос өкпе, бауыр және ұйқы безі) трансплантациялайды. 

TGH-де Питер Мюнх  атындағы кардиологиялық орталық бар. Бұл орталық та жүрек және жүрек-қан тамырлары хирургиясы бойынша әлемдегі көшбасшы.

8. Токио университетінің ауруханасы

Жапонияның Vital Medical Center елдегі ең жақсы дәрігерлер мен зерттеушілерді дайындайды. Сонымен қатар медициналық зерттеулерді де, тәжірибелерді де жүзеге асырады. Жапониядағы аурухананың негізгі бағыты пациенттердің әл-ауқатына бағытталған. 2017 жылы оның мамандандырылған клиникалық бөлімдері 1 миллионнан астам пациентті емдеп, медицинаға қатысты маңызды 35 зерттеу жасаған.

9. Лозанна университетінің ауруханасы

Швейцарияның Лозанна қаласында, Женева көлінің жағасында, қарлы шыңдардың маңында орналасқан әлемдік деңгейдегі CHUV ауруханасы елдегі француз тілінде сөйлейтін азаматтарға арналған оқу ауруханасы ретінде қызмет атқарады.

Аталмыш орталықты 2014 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Эболаға қарсы вакцинаны сынақтан өткізу үшін таңдаған.

10. Шеба медицина орталығы

Шеба медицина орталығы немесе Тель-Авивтегі Tel HaShomer ауруханасы Таяу Шығыста және бүкіл әлемде медициналық ғылым мен биотехнология инновацияларының көшбасшысы саналады. Орталықтың халықаралық медициналық мекемелермен ынтымақтастығы озық медициналық әдістерді, жүйелер мен биотехнологияларды қолдануға мүмкіндік берді.

Тель-Авив Университетінің құрамына кіретін Үшінші ауруханада барлық дерлік медициналық бөлімдер мен мамандықтарға арналған орталықтар бар және жылына 1 миллионнан астам науқасқа қызмет көрсетеді.

Израильдегі барлық медициналық клиникалық зерттеулердің 25 пайыздан астамы осы орталықтың заманауи құрылғылары арқылы тексеріледі.

Т. Раушанұлы