Жаңа табылған дене мүшесінің қызметі қандай?

Жаңа табылған дене мүшесінің қызметі қандай?
Фото: freepik.com

Жақында Radiotherapy and Oncology журналында жарияланған ғылыми зерттеу жұмысында бұрын-соңды белгісіз болып келген дене мүшесі табылғаны жайлы баяндалған. 

Технологияның дамып, медицинаның қауқары артқан заманда жаңа дене мүшесін табуға сенудің өзі қиын-ақ. Бірақ мұндай жағдай арагідік кездесіп тұрады. Мысалы, 2017 жылы Ирландия ғалымдары ішкі органдарды денеде ұстап тұру қызметін атқаратын шажырқайды толыққанды орган деп таныды. Өйткені шажырқайдың көмекші қызметінен бөлек өзге де ағза үшін маңызды жұмысы бар. Әзірге оның нақты тізімі жоқ. 

Жаңа мүшені дәрігерлер мойын, тамақ, қуықасты безі және уретрия қатерлі ісігімен ауыратын науқастарға жарық терапиясының әсерін зерттеп жатқанда кездейсоқ тапқан. Дәрігерлер тапқан дене мүшесі – сілекей бездерінің төртінші жұбы. Оның терең орналасқаны соншалық осы уақытқа дейін байқалмай келген.

Денедегі ісікті анықтау үшін ғалымдар қанға изотоптармен қаныққан глюкозаны енгізеді. Мұндай радиоактив заттар рак клеткаларында көп жиналады және сәулеленудің арқасында ісіктің шекараларын айқын көрсетіп, ауру мүшенің жағдайын бағалауға көмектеседі. Ағзаға енген заттекті сілекей бездері жұтып қойған. Бүгінде үлкен үш без: шықшытжақ асты және тіл асты безі белгілі. Жұтқыншақ пен асқорыту жолында тағы брінеше кішкентай сілекей бездері бар. Алайда оларды тек микроскоп арқылу көруге болады. Олардың шығаратын сілекейі ауыз қуысын сулау, дәмді жақсырақ сезу, тамақты дымқылдау және жұтуды жеңілдетуге көмектеседі.

 

Жаңа табылған сілекей безі мұрын қуысының артында орналасқан. Ғалымдар оған "құбыр безі" деген атау берді. Төртінші үлкен сілекей безі болатын оның жұмысы өзгелерден ерекшеленбейді. "Құбыр безі" де сілекей шығарады. Жаңа бездерге кішкентай құбырлар арқылы сілекей жұтқыншаққа түсіп, оны сулау және қорғау қызметін атқарған. 

Ғалымдар жаңалығын ел назарына ұсынбастан бұрын көлемді тәжірибе өткізді. Олар сілекей безінің бар екеніне көз жеткізу үшін басқа 100 адамның ағзасын зерттеген. Нәтижесінде бәрінде "құбыр безі" бар екені анықталды.

А. Рысдәулет