Қазақстанда қанша дәрігер мен мейірбике жетіспейді?

Қазақстанда қанша дәрігер мен мейірбике жетіспейді?

Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев Қазақстанда медицина кадрларының жетіспеуі туралы Орталық Коммуникациялар қызметіндегі онлайн брифингінде айтты.

Оның айтуынша, қазір елде 4112 медицина маманы және 8583 штаттағы орта медициналық маман жетіспейді.

"2020 жылғы 15 шілдедегі мәлімет бойынша елде 5201 медицина маман жетіспеген. Әсіресе Қостанай облысында маман тапшылығы қатты байқалады. Бұл облыста 624 штаттағы маман қажет. Жас мамандар бөлінгеннен кейін кадрлар тапшылығы 10 қыркүйектегі статисика бойынша 1079 маманға азайды. Ең үлкен айырмашылық Қостанай облысында, онда кадрларға деген қажеттік 52 пайызға азайған", - деді Төсекбаев брифингінде.

Ең үлкен тапшылық мына мамандықтар бойынша:

- анестезиолог-реаниматолог – 393 штаттағы маман;
- терапевт – 34 675;
- Жалпы практика дәрігері – 3 195 штаттағы маман;
- дәрігер-лаборант – 226 штаттағы маман;
- психиатр – 213 қызметкер;
- акушер-гинеколог – 2035 штаттағы маман;
- педиатр – 20 275 штаттағы маман;
- жұқпалы аурулар бойынша – 1 215 штаттағы маман;
- эпидемиолог – 102,5 штаттағы маман;
- неонатологтар - 85,25 штат бірлігі.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақтың байырғы баспана атаулары
Қазақтың байырғы баспана атаулары
Нұр-Сұлтанда жасанды сана рентген суретіне қарап диагноз қояды
Нұр-Сұлтанда жасанды сана рентген суретіне қарап диагноз қояды
Фейк: Тұзды ерітінді мен жусан коронавирустан қорғамайды
Фейк: Тұзды ерітінді мен жусан коронавирустан қорғамайды
Фэнтези жанрындағы үздік 100 кітап
Фэнтези жанрындағы үздік 100 кітап
Chevrolet кроссоверлері туралы не білесіз?
Chevrolet кроссоверлері туралы не білесіз?
Бэнкси картинасы 8 минут ішінде $10 миллионға сатылды
Бэнкси картинасы 8 минут ішінде $10 миллионға сатылды