Эволюция: Адамның тісі қалай өзгерді?

Эволюция: Адамның тісі қалай өзгерді?

Адам тісінің жеке және тарихи дамуы – ерекше құбылыс. Тіс дамуы мен эволюциясының қалай жүзеге асқанын, тістің қайдан және қалай пайда болғанын нақты айту қиын. Бірақ тістің қалыптасуы мен дамуы, өзгеруі және қазіргі күнге жетуі жайлы жалпы болжамдар бар. Солардың кейбіріне тоқталып өтсек.

Тістің қалыптасуы жайлы алғаш сөз қозғаған – палеонтолог Эдвард Коуп (Edward Drinker Соре). ХІХ ғасырда өмір сүрген ғалым қазіргі адамзаттың тісі сонау динозаврлар дәуірінен басталатынын, соның эволюциялық дамуынан пайда болған қаңқа екенін айтады.

Ғалымның тұжырымында, бүкіл сүтқоректі атаулының алғашқы тісі конус тәріздес, яғни, динозаврдың тісіне ұқсас болған. Кейін ұшбұрыш тіс шағын-шағын үш төмпешікке бөлініп, әрбірі жеке азу тіске айналған. Ал тістің жалпы құрылысы "зиг-загқа" ұқсас қалыптасқан, өйткені бұл асты жұлып жеуге өте ыңғайлы. Ал бұдан кейін тістің төмпешіктері одан әрі кішірейіп, ұсақ-ұсақ адырға айналған. Өйткені биологиялық дамудың бұл кезеңінде сүтқоректілер тағамды жұлып жеуге емес, талдап, шайнап жеуге дағдылана бастаған.

Коуптың бір жарым ғасыр бұрын тұжырымдаған бұл теориясы кейінгі палеонтологиялық жылнама мен зерттеулерде дәлелденген.

Археологиялық зерттеулерге сүйенсек, неолит-палеолит дәуірінде өмір сүрген адамдардың жағы 11-12 см болған әрі сегіз ақыл тіс болған, ал қазіргі адамдардың жағының ұзындығы 10 см және 2-4 ақыл тіс орналасқан. Тас дәуірінің адамдарында ақыл тіс түгел болса, қазір әрбір төртінші адамда ақыл тіс жоқ.

Тістің өзгеруі мен дамуы адамның әр дәуірде тұтынған тағамы мен асына тікелей байланысты. Шикі ет жеген дәуірде тістің өткірлігі маңызды болды. Уақыт өте келе адамдар ас қайнату мен пісіруді үйренген кезде тістің қызметі де өзгерді. Коуптың тұжырымына сәйкес, тіс енді шайнап, езіп жеуге ыңғайлана бастады.

Адамзаттың шикі астан өңделген асқа өтуі тіс эволюциясына әсер етті. Қазіргі зерттеулерге сүйенсек, адамзат тісінің рудиментациясы, яғни, ақыл тістің жойылуы байқалып жатыр. Кейінгі ұрпақта ақыл тіс мүлде болмауы мүмкін.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Қазақтың байырғы баспана атаулары
Қазақтың байырғы баспана атаулары
Нұр-Сұлтанда жасанды сана рентген суретіне қарап диагноз қояды
Нұр-Сұлтанда жасанды сана рентген суретіне қарап диагноз қояды
Фейк: Тұзды ерітінді мен жусан коронавирустан қорғамайды
Фейк: Тұзды ерітінді мен жусан коронавирустан қорғамайды
Фэнтези жанрындағы үздік 100 кітап
Фэнтези жанрындағы үздік 100 кітап
Chevrolet кроссоверлері туралы не білесіз?
Chevrolet кроссоверлері туралы не білесіз?
Бэнкси картинасы 8 минут ішінде $10 миллионға сатылды
Бэнкси картинасы 8 минут ішінде $10 миллионға сатылды