Тыныс алуды жақсартуға арналған жаттығу

Тыныс алуды жақсартуға арналған жаттығу
Фото: sante.journaldesfemmes.fr

Коронавирус белең алғанда адамдар өкпенің маңызын түсінгендей. Жүрек қағысы, ас қорыту, ми жұмысы мен өзге де маңызды мүшелердің қызметі тікелей дұрыс тыныс алумен байланысты.

Тыныс алған сайын ағзаға миллиардтаған маңызды жасушалар еніп, дем шығарғанда қажетсіз заттардан арыламыз. Мыңдаған жыл бойы ғалымдар мен дәрігелер дұрыс дем алудың формуласын жасауға тырысқан. Философтар бұған арнап кітап та жазған. Бүгінде ғалымдар арасында британиялық дәрігер Чаттерджидің әдісі кең қолданыста.

Оның "3 – 4 – 5" деген әдісі миды демалдырып, күйзелістен арылтады. Ол үшін 3 секунд бойы дем тартып, 4 секунд ұстап, сосын 5 секунд сыртқа шығару қажет. 

Мұрынмен дем алу: 1 – 2 – 3;

Демді ұстау: 1 – 2 – 3 – 4;

Ауыздан шығару: 1 – 2 – 3 – 4 – 5.

Өкпе де өзге орган секілді уақыт өте қартайып, толыққанды тыныс алу қабілетін жоғалтады. Адамның жасы ұлғайғанда қабырға мен кеудедегі өзге сүйектердің тығыздығы әлсіреп, формасы өзгереді. Соның салдарынан көкірек қуысының көлемі кішірейеді. Бұдан бөлек, өкпені ұстап тұрған бұлшықеттер мен сіңірлер иілгіш қабілетін жоғалтып, өкпеге келетін ауа мөлшері едәуір азаяды. 

Адам 30 жастан асқан соң тыныс алу қабілетінің 12% жоғалтады. 50-ден асқанда бұл процесс еселене түседі. 70 жастағы адамның тыныс алу қабілеті қалыпты жағдайдан 30% нашар болады. Сол себепті қарт кісілердің дем алуы қиындап, көп емтігеді. 

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры

А. Рысдәулет