20/20/20 ережесі бойынша көзді қалай демалдырып тұру керек?

20/20/20 ережесі бойынша көзді қалай демалдырып тұру керек?

Адам минутына неше рет көзін жыпылықтатады? 20/20/20 ережесінің мәні неде және ол кімге пайдалы?

Ереже өте оңай – экранға қарап отырған әр 20 минут сайын 20 футтан (6 метр) алыс бір нүктеге 20 секунд бойы қарап отыру керек. Бұл тактиканы көзге демалыс беруді дағдыға айналдыру үшін АҚШ оптометрисі (көзілдірік пен линза таңдай отырып көз патологиясын емдейтін окулист) Жеффри Эншел ойлап тапқан.

20 фут (6 метр) – есте сақтап алу үшін жасалған орташа қашықтық. Оның орнына 20 секунд бойы көзді жұмып  отыруға да болады. Себебі көзді толық демалту үшін осынша уақыт жеткілікті екен.

Әр 20 минут сайын көзге уақыт бөлуді ұмытпау үшін браузерге, Android пен iOS смартфондарына қосымша орнатуға болады.

Проблемаға ғылыми көзқарас

Америка офтальмология академиясы ғалымдарының айтуынша, цифрлық құрылғының экраны көзді құртуға қауқарсыз, бірақ ол үзіліссіз телмірген көзге күш салып, өзге де жайсыздыққа себеп болады. Адам әдетте минутына 15 рет көзін жыпылықтатады. Ал экранға қарап отырғанда бұл сан екі есе азаяды. Соның әсерінен көз құрғайды немесе жасаурайды, жайсыздық пайда бола бастайды.

Ғылым тілінде бұл компьютер синдромы деп аталады. Оның көзге әсері мен 20/20/20 ережесінің пайдасын 2013 жылы Малайзия ғалымдары зерттепті. Олар 795 студентті назарға алып, оның 90%-нен комптютер синдромын анықтаған. Синдром көбіне компьютерде күніне екі сағат бойы тапжылмай отыратындарда анықталған. Содан студенттер жұмыс барысында 20 минут сайын алыстағы объектіге қарап көзін демалдырып отырған. Нәтижесінде компьютер синдромы басылған.

20/20/20 ережесі кімге пайдалы?

Бұл ережені мына жағдайда қолдану керек:

• көз құрғағанда,
• көз жасаурағанда,
• көз қызарғанда,
• көз жарыққа тым сезімтал болғанда,
• көзді ашып отыру қиындап кеткенде,
• объектілер көзге екеу болып көрінгенде,
• айнала бұлыңғырланып көрінгенде,
• бас ауырғанда,
• мойын, иық, арқа ауырғанда.

Бұл симптомдар байқалғанда 20/20/20 ережесін қолдану артық болмайды, бірақ көздің толық диагностикасын жасау үшін окулиске қаралған жөн.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайды
Ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары сатылмайды
Coursera курстарын қалай тегін оқуға болады?
Coursera курстарын қалай тегін оқуға болады?
Сұхбаттасудың орнына ойын ойнау. НУ студенттері қызметке іріктеудің ерекше түрін ойлап тапты
Сұхбаттасудың орнына ойын ойнау. НУ студенттері қызметке іріктеудің ерекше түрін ойлап тапты
Бокстан Қазақстан чемпионаты Шымкентте өтеді
Бокстан Қазақстан чемпионаты Шымкентте өтеді
Команың қандай түрлері бар?
Команың қандай түрлері бар?
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында қайда хабарласуға болады?
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында қайда хабарласуға болады?